Ақордада Қатар әмірінің мемлекеттік сапары өтіп жатыр – видео

Жазылу
Ақордада Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің мемлекеттік сапары өтіп жатыр. Оны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Астанаға 11 қазанда келді.
Бүгін Ақордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қатардан келген мәртебелі мейманның шағын құрамдағы кездесуі өтіп жатыр.
Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, бұл кездесу барысында өзекті өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасу болады. Сондай-ақ тараптар екіжақты инвестициялық, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешегін талқылайды.
13 қазанда Қатар әмірі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI саммитіне қатысады.
Жаңалықтар
0