https://sputnik.kz/20221012/almaty-oblysynda-mektep-oqushylaryna-kolik-bolinbegen-28403122.html
Алматы облысында үш ауылдың балалары бір мектепте үш ауысыммен оқуға мәжбүр
Алматы облысында үш ауылдың балалары бір мектепте үш ауысыммен оқуға мәжбүр
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 12 қазан - Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Қызыл ту ауылының 2000 оқушысына көлік бөлінбеген. Аталған ауылдың білім ошағына Айғаным, Айалтай... 12.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-12T15:59+0500
2022-10-12T15:59+0500
2022-10-12T17:41+0500
алматы облысы
мектеп
автобус
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0c/28402687_0:158:1659:1091_1920x0_80_0_0_1bca63f96e994e9d71c607e46e9b86a1.jpg
АЛМАТЫ, 12 қазан - Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Қызыл ту ауылының 2000 оқушысына көлік бөлінбеген. Аталған ауылдың білім ошағына Айғаным, Айалтай ауылдарынан келіп оқитын балалар бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Қызылту ауылында 6000 адам тұрады. Маңынан құрылған жаңа ауылдар Айғаным мен Айалтайда 1000-нан астам адам қоныстанған. Үш ауылдың балалары 800 орынға шақталған мектепте білім алуға мәжбүр. Өйткені басқа мектеп жоқ. Оқушылар үш ауысыммен оқиды, оған қоса мектепке жетуінің өзі мұң. Ол үшін арнайы көлік бөлінбеген. "Мен 2 балама таксиге 50 мың төлеймін. Қоғамдық көлікке оқушылар сыймайды. Нөмірі 222 автобус жүреді. Ол жерге жолаушылар да отырады, оқушылар да отырады. Мектепке қатынау өте қиын", - дейді Айғаным ауылының тұрғыны Қарлығаш Молдабаева. Оқушылар автобус күтетін жерде аялдама жоқ, көше жарығы да қосылмаған. Ол аздай жаяу жүргінші белгісі жолдың бір шетіне ғана қойылған. Тұрғындардың айтуынша, жүргізушілер көлікпен жүйіткіп өтеді. "Мына жол үстіне жасанды кедергі төсеуге болады ғой. Балаларымыз әр жаққа барып оқиды. Сабақ үшін Греске де барады. Ал Греске қатынайтын қоғамдық көлік жоқ. Қызым 15 жаста, таксиге отырғызғанда қорқамыз", - дейді ауыл тұрғыны Мерей Салтакова. Аталған проблемалардан мұғалімдер де қажыған. "Негізгі мұғалімдер балаларға мектеп қабырғасында ғана жауап беру керек. Ал біз осы балалар автобусқа отыратын жерде кезекшілік атқарамыз. Біз де жұмыстан шаршап шығамыз. Біздің де бала-шаға, үйіміз бар. Ата-аналар бізге кеп ренжиді. Біздің не кінәміз бар? Одан да жауапты орындарға, әкімдікке барсын", - дейді Қызылту ауылының мұғалімдері. Оқушыларға берілмеген қоғамдық көлік туралы Талғар аудандық білім басқармасының уәжі мынандай: "Қызыл ту ауылындағы мектепте балаларды тасымалдауға көлік бөлінген жоқ. Мектеп әкімшілігі тамыз айында тасымалдау ұйымдастыру бойынша өтініш берді. Біз оны облыстық білім басқармасына бюджеттік тапсырма бердік. Қазанда мәслихатта қаралып, қаржы бөлінеді деді. Бөлінген жағдайда конкурс арқылы автобус шығарамыз", - деп жауап берді Талғар ауданы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ләззат Құрманбаева.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0c/28402687_0:3:1659:1247_1920x0_80_0_0_d547824eba8f38d81fa8f2354ec09220.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, мектеп, автобус
алматы облысы, мектеп, автобус
АЛМАТЫ, 12 қазан - Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Қызыл ту ауылының 2000 оқушысына көлік бөлінбеген. Аталған ауылдың білім ошағына Айғаным, Айалтай ауылдарынан келіп оқитын балалар бар, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қызылту ауылында 6000 адам тұрады. Маңынан құрылған жаңа ауылдар Айғаным мен Айалтайда 1000-нан астам адам қоныстанған. Үш ауылдың балалары 800 орынға шақталған мектепте білім алуға мәжбүр. Өйткені басқа мектеп жоқ. Оқушылар үш ауысыммен оқиды, оған қоса мектепке жетуінің өзі мұң. Ол үшін арнайы көлік бөлінбеген.
"Мен 2 балама таксиге 50 мың төлеймін. Қоғамдық көлікке оқушылар сыймайды. Нөмірі 222 автобус жүреді. Ол жерге жолаушылар да отырады, оқушылар да отырады. Мектепке қатынау өте қиын", - дейді Айғаным ауылының тұрғыны Қарлығаш Молдабаева.
Оқушылар автобус күтетін жерде аялдама жоқ, көше жарығы да қосылмаған. Ол аздай жаяу жүргінші белгісі жолдың бір шетіне ғана қойылған. Тұрғындардың айтуынша, жүргізушілер көлікпен жүйіткіп өтеді.
"Мына жол үстіне жасанды кедергі төсеуге болады ғой. Балаларымыз әр жаққа барып оқиды. Сабақ үшін Греске де барады. Ал Греске қатынайтын қоғамдық көлік жоқ. Қызым 15 жаста, таксиге отырғызғанда қорқамыз", - дейді ауыл тұрғыны Мерей Салтакова.
Аталған проблемалардан мұғалімдер де қажыған.
"Негізгі мұғалімдер балаларға мектеп қабырғасында ғана жауап беру керек. Ал біз осы балалар автобусқа отыратын жерде кезекшілік атқарамыз. Біз де жұмыстан шаршап шығамыз. Біздің де бала-шаға, үйіміз бар. Ата-аналар бізге кеп ренжиді. Біздің не кінәміз бар? Одан да жауапты орындарға, әкімдікке барсын", - дейді Қызылту ауылының мұғалімдері.
Оқушыларға берілмеген қоғамдық көлік туралы Талғар аудандық білім басқармасының уәжі мынандай:
"Қызыл ту ауылындағы мектепте балаларды тасымалдауға көлік бөлінген жоқ. Мектеп әкімшілігі тамыз айында тасымалдау ұйымдастыру бойынша өтініш берді. Біз оны облыстық білім басқармасына бюджеттік тапсырма бердік. Қазанда мәслихатта қаралып, қаржы бөлінеді деді. Бөлінген жағдайда конкурс арқылы автобус шығарамыз", - деп жауап берді Талғар ауданы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ләззат Құрманбаева.