Шымкент тұрғыны кір жуу ұнтағының көшірмесін жасаған

© AP Photo / Gene J. PuskarАрхивное фото стиральной машины
Архивное фото стиральной машины - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Шымкентте сауда белгілерін заңсыз пайдаланып келген тұрғын анықталды. Ол аса ірі көлемде кір жуғыш ұнтақтың көшірмесін жасаумен айналысқан.
Осы ісі арқылы компанияға 10 миллион теңгеден аса шығын келтірген, деп хабарлады Otyrar.kz.
Шымкентте әйгілі сауда белгілерін заңсыз пайдаланып, кір жуғыш ұнтақтарын шығарған жасырын цех анықталды. Жергілікті тұрғын заңсыз өнімдерді өз үйінде жинап, оны базарда сатып келген. Бүгінде цехта пайдаланылған таразы мен үтік-дәнекерлеу қондырғысы, 8 мыңнан астам бос пакет және жалпы соммасы 2 520 000 теңге жалған ақша тәркіленді.

"1972 жылы туған "А" есімді азамат өзінің тұрғылықты мекенжайында жасырын цех ашып, "Tide" "Ariel", "Миф" кір жуу ұнтағын жасаумен айналысқан. Ол қазіргі таңда Қазақстан Қылмыстық кодексінің 222-бабы 1-тармағына сәйкес кінәлі деп танылып, кінәсін толық мойындаған", - дейді Шымкент қаласы әділет департаментінің бөлім басшысы Мейрам Мұқтаров.

Департамент қызметкерлерінің айтуынша, көшірме ұнтақ қаптамасының түсі түпнұсқаға қарағанда қанық болады. Сондай-ақ шығарылған күнінде барлығына бірдей уақыт жазылатын көрінеді. Сала мамамандары мұндай сипаттағы тәркіленген өнімнің түгел көзін жойды.
"Шымкент қаласы әділет департаментінің сот орындаушылары сот шешіміне сай экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп кір жуғыш ұнтақтарын, контрафактілік заттарды жойды. Сотта заттай дәлелдемелер, 3, 6 және 9 кг-дық 1500-ге жуық дайын өнім жойылып отыр. Одан бөлек барф, пуш сияқты төмен бағадағы 10-20 келілік ұнтақтар жойылды", – дейді Мейрам Мұқтаров.
Тергеп-тексеру шаралары кезінде айыпталушының компанияға 10 097 782 теңге залал келтіргені анықталды. Алайда жәбірленуші тараппен өзара келісім болғандықтан, қылмыстық іс қысқартылған. Ал шығын толығымен өтелді.
Жаңалықтар
0