сайлау - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Президент сайлауы - 2022
Қазақстанда 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Салтанат Тұрсынбекова Орталық сайлау комиссиясына құжатын тапсырды

© Sputnik / Айгюзель КадирСалтанат Тұрсынбекова
Салтанат Тұрсынбекова - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2022
Жазылу
НовостиTelegram
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясына Салтанат Тұрсынбекованың "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінен президенттікке кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттар ұсынылды.
Салтанат Тұрсынбекова 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынған 10-шы үміткер болды.
Ол екінші әйел кандидат. Бұған дейін Қарақат Әбден ОСК-ға құжат тапсырды.
Салтанат Тұрсынбекова – Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі. Бас прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі болды, отбасыдағы зорлық-зомбылық мәселелерімен айналысқан.
Қазақстан президенттігіне кандидаттарды ұсыну 11 қазан күні сағат 18.00-де аяқталды. Ертең екінші кезең – қол жинау және кандидаттарды тексеру басталады. Ол 21 қазанға дейін жалғасады. Кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.
Здание Центральной избирательной комиссии РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2022
Қоғам
Президенттікке тағы бір әйел кандидат ұсынылды
Жаңалықтар
0