Қатар әмірі Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді елорда әуежайында күтіп алды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді елорда әуежайында күтіп алды. - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді елорда әуежайында күтіп алды.
Сапар аясында ертең жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер жүргізіліп, бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Сондай-ақ 13 қазанда шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысады.
Жаңалықтар
0