https://sputnik.kz/20221011/pavlodarda-mektep-mugalimi-oqushyny-sotqa-berdi-28360310.html
Павлодарда мектеп мұғалімі оқушыны сотқа берді
Павлодарда мектеп мұғалімі оқушыны сотқа берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Павлодар қаласында мұғалім Whats App-та балағат сөз жазған оқушының үстінен полицияға арыз түсірді, деп хабарлайды Sputnik... 11.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-11T14:16+0500
2022-10-11T14:16+0500
2022-10-11T14:16+0500
павлодар
оқушы
мұғалім
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:240:1280:960_1920x0_80_0_0_a75c4afc8dc3faf9fbd513c83fad7500.jpg
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Павлодар қаласында мұғалім Whats App-та балағат сөз жазған оқушының үстінен полицияға арыз түсірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Ресми мәліметке сәйкес, шағым бірнеше күн бұрын түскен. Мектеп мұғалімі Whats App-тағы топтардың бірінде оқушысының балағат сөз жазып, тіл тигізгенін жеткізді. Оны басқа оқушылар да көрген. Полиция оқушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 435-бабы (Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық) бойынша хаттама рәсімделді. Осы құқық бұзушылық үшін кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға 7 айлық есептiк көрсеткiш (22 260 теңге) мөлшерiнде айыппұл салынады. Материал Павлодар облысының кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Айта кетері, биыл кәмелетке толмағандардың ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 33 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_e1546a2e7e62ccd162f6130d627bca4a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, оқушы, мұғалім
Павлодарда мектеп мұғалімі оқушыны сотқа берді
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Павлодар қаласында мұғалім Whats App-та балағат сөз жазған оқушының үстінен полицияға арыз түсірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, шағым бірнеше күн бұрын түскен. Мектеп мұғалімі Whats App-тағы топтардың бірінде оқушысының балағат сөз жазып, тіл тигізгенін жеткізді. Оны басқа оқушылар да көрген.
Полиция оқушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 435-бабы (Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық) бойынша хаттама рәсімделді. Осы құқық бұзушылық үшін кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға 7 айлық есептiк көрсеткiш (22 260 теңге) мөлшерiнде айыппұл салынады.
Материал Павлодар облысының кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.
Айта кетері, биыл кәмелетке толмағандардың ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 33 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.