Қоғам

Енді Отбасы банктегі депозитті жақын туыстардың атына онлайн аударуға болады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2022
Жазылу
Мұндай функция "Otbasy bank" мобильді қосымшасында пайда болды
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Отбасы банктің клиенттері енді өз депозиттерін жақын туыстарының атына онлайн рәсімдей алады.
Депозитті жұбайына, ата-анасына немесе балаларына беру Отбасы банкте кең таралған қызмет түрі саналады.
"Ай сайын шамамен мұндай 6 мың операция жасалады. Бұрын бұл қызметті қолдану үшін клиент пен депозитті қабылдайтын туысы филиалға бірге келіп, бірнеше сағат уақытын жұмсайтын. Енді "Otbasy bank" қосымшасында депозитті біреудің атына 5-10 минут ішінде ауыстыруға болады", - деді Отбасы банктегілер.
Бұл қызметті онлайн режимде туысқандардың мына санаттары пайдалана алады:
жұбайы (әйелі);
ата-аналар (ата-ана);
балалары, ағалары мен әпкелері (ата-анасы бір және ата-анасы бөлек).
Айта кетері, Отбасы банкте 2016 жылы 1 қарашадан кейін ашылған депозиттерді ғана туыстардың атына онлайн рәсімдеуге болады. Ал оған дейін ашылған депозиттерді табыстау қызметін қолдану үшін банк бөлімшесіне бару қажет.
Сондай-ақ, депозитті табыстау үшін шотта кемінде 50 АЕК мөлшерінде (биыл – 159 000 теңге) жинақ болуы шарт.

Қызметті қалай пайдалануға болады

Депозитін туысқанына бергісі келетін клиент "Otbasy bank" мобильді қосымшасының негізгі мәзірінде мына қадамдарды орындауы қажет:
"Операциялар" тармағын, содан кейін "Депозиттер" тармақшасын таңдаңыз;
пайда болатын операциялар тізімінде "Тегін табыстау" тармағын таңдаңыз;
шектеулер бойынша автоматты тексеруден өтіңіз;
депозитті таңдап, табыстау шарттарымен танысыңыз;
"Жалғастыру" түймесін басу арқылы келесі қадамға өтіп, депозитті табыстауды жоспарлап отырған жақын туысыңызды таңдаңыз;
туысқандықты растаңыз, тексеру Мемлекеттік кредиттік бюроға сұрау салу арқылы жүзеге асырылады. Қосымша құжаттар қажет емес;
үшінші тұлғаларға жеке деректерді жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беріңіз;
клиенттің деректерін өзгерту туралы өтінішке және туыстық байланыстарды растау туралы өтінішке қол қойыңыз;
SMS хабарлама арқылы жолданған бір реттік құпия сөзді енгізіңіз.
Осы қадамдардан кейін депозитті қабылдауға келісім беру туралы сауал туысқанға жіберіледі. Оны мобильді қосымшаға өту арқылы да көруге болады. Қабылдаушы тарап сол жерде деректерді тексеру келісіміне қол қойып, SMS хабарлама арқылы өзіне келген бір реттік құпия сөзді енгізеді.
Содан кейін депозитті табыстап жатқан клиент мобильді қосымшаға қайта кіріп, келісімін беріп, құқықтарды беру туралы өтінішке қол қояды.
Депозитті тегін онлайн табыстау қызметі жұмыс күндері Астана уақытымен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қолжетімді.
Жаңалықтар
0