Экономика

Каспий құбыр консорциумы қазан айында толық жұмыс істейді – министр

© Photo : КТК КТК
 КТК - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2022
Жазылу
НовостиTelegram
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Каспий құбыр консорциумы осы айда толық жұмыс істей бастайды. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр қазір Каспий құбыр консорциумында жеке орнатылған 3 айлақ құрылғысының біреуі ғана жұмыс істейтінін атап өтті.
"Қашағандағы жөндеу жұмыстарына байланысты Каспий құбыр консорциумының жеке орнатылған бір айлақ құрылғысының жұмысы қазіргі көлемдер үшін жеткілікті. Каспий құбыр консорциумы биыл қазан айында толық жұмыс істей бастайды деп күтілуде", - деді Ақшолақов үкімет отырысында.
Қаңтар-қыркүйекте мұнай және конденсат өндіру көлемі 61,9 млн тонна болды. Мәселен, Теңіз кен орнында аталған кезеңде 21,5 млн тонна мұнай өндірілсе, Қарашығанақ кен орнында мұнай өндіру көрсеткіші 8,5 млн тоннаға жетті. Ал Қашағанда мұнай өндіру көлемі 8,7 млн тоннаны немесе осы жылдың жоспарына 83%-ті құрады.
"Бұл көрсеткіштің төмендеуі "Болашақ" зауытындағы газ бөлу қондырғысының биыл тамыз айында істен шығуына байланысты болды. Оператор өндіру деңгейін тез қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінде кен орны өз қуатының жартысына ғана жұмыс істейді",- деп түсіндірді министр.
Айтуынша, осы жылдың 9 айында мұнай экспорты 46,8 млн тоннаны немесе 2021 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 96%-ті құрады.
Жаңалықтар
0