https://sputnik.kz/20221011/astana-lrt-zhanynda-qurylysshylar-zhappay-tobelesti-28370910.html
Astana LRT жанында құрылысшылар жаппай төбелесті
Astana LRT жанында құрылысшылар жаппай төбелесті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Елорда полициясының аудандық басқармасы әлеуметтік желіде тараған жаппай төбелестің видеосына қатысты пікір білдірді, деп... 11.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-11T18:07+0500
2022-10-11T18:07+0500
2023-08-10T16:15+0500
төбелес
астана lrt
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1d/17472446_6:0:3647:2048_1920x0_80_0_0_9df9fd153b31d32c62c2a9da65e5879e.jpg
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Елорда полициясының аудандық басқармасы әлеуметтік желіде тараған жаппай төбелестің видеосына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Төбелес Astana LRT бағандарының жанында болған, оқиғаның нақты орны анықталмады.Биіктен түсірілген видеода екі құрылысшы өзара төбелесе бастайды. Әріптестері оларды ажыратпақ болған, бірақ содан кейін өздері де төбелеске қосылып кеткен. Салдарынан жанжал жаппай төбелеске ұласады.Полицияның хабарлауынша, оқиға 16 тамызда болған, бірақ видеода құрылысшылар жылы киініп алған.Полицейлер төбелестің видеосын әлеуметтік желіні бақылау кезінде байқаған."Бұзақылық" бабы бойынша екі мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу (2 000 АЕК, 6 126 000 теңге) немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту жазасы қарастырылған. Сондай-ақ кінәлі (немесе кінәлілер) алты жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға жегілуі, екі жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе айырылуы мүмкін.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1d/17472446_461:0:3192:2048_1920x0_80_0_0_dce6db547125ff9cec5de1807f8907f3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
төбелес, астана lrt
Astana LRT жанында құрылысшылар жаппай төбелесті
18:07 11.10.2022 (жаңартылды: 16:15 10.08.2023) АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Елорда полициясының аудандық басқармасы әлеуметтік желіде тараған жаппай төбелестің
видеосына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Төбелес Astana LRT бағандарының жанында болған, оқиғаның нақты орны анықталмады.
Биіктен түсірілген видеода екі құрылысшы өзара төбелесе бастайды. Әріптестері оларды ажыратпақ болған, бірақ содан кейін өздері де төбелеске қосылып кеткен. Салдарынан жанжал жаппай төбелеске ұласады.
Полицияның хабарлауынша, оқиға 16 тамызда болған, бірақ видеода құрылысшылар жылы киініп алған.
Полицейлер төбелестің видеосын әлеуметтік желіні бақылау кезінде байқаған.
"Аталмыш факті негізінде "Алматы" ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп түсіндірді тәртіп сақшылары.
"Бұзақылық" бабы бойынша екі мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу (2 000 АЕК, 6 126 000 теңге) немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту жазасы қарастырылған. Сондай-ақ кінәлі (немесе кінәлілер) алты жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға жегілуі, екі жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе айырылуы мүмкін.