Алматыда полицей ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевПолицей, архивтегі фото
Полицей, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Алматы полиция департаменті өз қызметкерінің ұсталғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
"Алматы қаласы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы жол апаты фактісі бойынша кінәліні әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін Алмалы ауданы полиция басқармасы әкімшілік тәжірибе бөлімінің қызметкерін, 1986 жылы туған Б. есімді азаматты ұстады", - деп хабарлады Polisia.kz.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұған дейін журналист Михаил Козачковтың Telegram каналында полиция киімін киген қызметкерлер ұсталғаны туралы видео жарияланды.
Жаңалықтар
0