https://sputnik.kz/20221011/almatyda-kriptovalyuta-ayyrbastau-alany-anyqtaldy--uqk-28351687.html
Алматыда криптовалюта айырбастау алаңы анықталды – ҰҚК
Алматыда криптовалюта айырбастау алаңы анықталды – ҰҚК
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті криптовалютаны қолма-қол ақшаға айырбастау алаңын анықтады. Есірткі сатқан қылмыстық топтар оны тапқан... 11.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-11T10:28+0500
2022-10-11T10:28+0500
2022-10-11T10:28+0500
қылмыс
криптовалюта
https://sputnik.kz/img/444/15/4441514_0:0:3071:1728_1920x0_80_0_0_fa083d63fe9e7b7d14542a64e5a1681e.jpg
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті криптовалютаны қолма-қол ақшаға айырбастау алаңын анықтады. Есірткі сатқан қылмыстық топтар оны тапқан табысын жылыстату үшін пайдаланған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Арнайы операция биыл қаңтар айында басталды. Сол кезде Қазақстан, Өзбекстан мен Ресейдің есірткі нарығын психотроптық заттармен қамтамасыз еткен жасырын есірткі зертханасы жойылған болатын. Заңсыз айналымнан есірткінің рекордтық партиясы – 188 келі "мефедрон" шығарылды. Осыдан кейін арнайы қызмет мамандары қылмыстық капиталды Қазақстаннан шығару мен оны жылыстату схемаларын зерделеуге кірісті. Ақша аударымдарын анықтау қиын болды. Себебі барлығы криптовалютамен аударылып отырған. "Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық тізбектің барлық қатысушыларын анықтады. Биткойндарды қолма-қол ақша аударатын криптоақша айырбастау орнын да тапты. Бұл ұйым Алматыдағы әр-түрлі ақша айырбастау орындарының қызметкерлері арқылы ақшаны қолма қол беріп отырғаны белгілі болды", - делінген ресми хабарламада. Арнайы операция кезінде қылмыстық схеманың ұйымдастырушы мен оның сыбайластары ұсталды. Қылмыстық топтардың есірткі іс-әрекетінен тапқан 68 млн. теңгесі тәркіленді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/444/15/4441514_221:0:2952:2048_1920x0_80_0_0_17081deed2314670631692edbb44769c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыс, криптовалюта
Алматыда криптовалюта айырбастау алаңы анықталды – ҰҚК
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті криптовалютаны қолма-қол ақшаға айырбастау алаңын анықтады. Есірткі сатқан қылмыстық топтар оны тапқан табысын жылыстату үшін пайдаланған, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Арнайы операция биыл қаңтар айында басталды. Сол кезде Қазақстан, Өзбекстан мен Ресейдің есірткі нарығын психотроптық заттармен қамтамасыз еткен жасырын есірткі зертханасы жойылған болатын. Заңсыз айналымнан есірткінің рекордтық партиясы – 188 келі "мефедрон" шығарылды.
Осыдан кейін арнайы қызмет мамандары қылмыстық капиталды Қазақстаннан шығару мен оны жылыстату схемаларын зерделеуге кірісті. Ақша аударымдарын анықтау қиын болды. Себебі барлығы криптовалютамен аударылып отырған.
"Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық тізбектің барлық қатысушыларын анықтады. Биткойндарды қолма-қол ақша аударатын криптоақша айырбастау орнын да тапты. Бұл ұйым Алматыдағы әр-түрлі ақша айырбастау орындарының қызметкерлері арқылы ақшаны қолма қол беріп отырғаны белгілі болды", - делінген ресми хабарламада.
Арнайы операция кезінде қылмыстық схеманың ұйымдастырушы мен оның сыбайластары ұсталды. Қылмыстық топтардың есірткі іс-әрекетінен тапқан 68 млн. теңгесі тәркіленді.