Тоқаев Есеп комитетінің төрағасын қабылдады

© Photo : Aқорданың ресми сайтыҚасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесу барысында президентке Есеп комитетінің биылғы 9 айда атқарған жұмысы туралы есеп берілді. Осы кезеңде барлығы 3,4 триллион теңге бюджет қаражатын қамтитын 99 объектіде 17 аудиторлық тексеру жүргізілген.
Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалаудың негізгі нәтижелері туралы да мәлімет берді. Онда даму бюджетінің 3,5 триллион теңге қаржысы қамтылған.
Сонымен қатар мемлекет басшысына салық жеңілдіктерінің тиімділігіне жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары ұсынылды.
Кездесу қорытындысы бойынша президент мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Жаңалықтар
0