Қазақстанда бір жылда нан бағасы 19%-ке қымбаттады

© Photo : pixabay/aureliofoxrjХлеб
Хлеб - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2022
Жазылу
Жоғары сұрыпты ұннан дайындалған бидай нанын қазақстандықтар үшін бір келісін 341 теңгеден, бірінші сұрыпты ұн өнімін 195 теңгеден сатып алып жатыр
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Биылғы қыркүйекте нан бағасы өткен жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 19,4%-ке қымбаттады. Өңірлерде бағаның өсуі 48,3%-ке жетті, деп хабарлайды Energyprom.kz.
"Қарабидай нанының бағасы 24,7%-ке, жоғары сұрыпты ұннан дайындалған бидай нанының бағасы – 28,2%-ке, бірінші сұрыпты ұннан дайындалған бидай нанының бағасы – 14,4%-ке, батон нанның бағасы – 28,1%-ке қымбаттады", – деп жазылған хабарламада.
Аналитиктер Қазақстанның барлық аймағында нан қымбаттағанын айтады. Бағаның ең үлкен өсімі мына өңірлерде тіркелді:
Ұлытау облысында – 48,3%-ке;
Ақмола облысында – 27,6%-ке;
Алматыда – 25,8%-ке.
Ең аз жылдық баға өсімі Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді – небәрі 2,6%.
Жоғары сұрыпты ұннан дайындалған бидай нанын қазақстандықтар үшін бір келісін 341 теңгеден, бірінші сұрыпты ұн өнімін 195 теңгеден сатып алып жатыр.
2022 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа тұтыну бірінші сұрыпты бидай ұнынан дайындалған 7,5 кг нанды, қарабидай және қарабидай-бидай ұнынан дайындалған 646 г нанды құрады.
Аналитиктердің пікірінше, дегенмен өндіріс төмендеген. Осы жылдың қаңтар-тамыз айларында жаңа піскен нан өндірісі 342,4 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ке аз.
Сала бойынша өндірілген өнімнің төрттен бір бөлігіне жуығы Түркістан облысына тиесілі. Ал ең аз жаңа піскен нан көлемі Ұлытау және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Шымкентте тіркелді.
Жаңалықтар
0