https://sputnik.kz/20221010/prezidenttikke-kandidat-qaraqat-abden-memlekettik-tilden-emtikhan-tapsyrdy-28340405.html
Президенттікке кандидат Қарақат Әбден мемлекеттік тілден емтихан тапсырды
Президенттікке кандидат Қарақат Әбден мемлекеттік тілден емтихан тапсырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Президенттікке кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтайтын лингвистикалық комиссия Қарақат Әбденнен емтихан алды. 10.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-10T19:32+0500
2022-10-10T19:32+0500
2022-10-10T19:32+0500
президент сайлауы
https://sputnik.kz/img/335/92/3359293_0:54:1365:822_1920x0_80_0_0_a1eb991326f59e78524347254391bde7.jpg
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Президенттікке кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтайтын лингвистикалық комиссия Қарақат Әбденнен емтихан алды.Лингвистикалық комиссия кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін үш бағыт бойынша анықтады: шығарма жазу, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармасынан үзінді оқу, кандидаттың таңдаған тақырыбына көпшілік алдында сөз сөйлеуі.Емтихан аяқталған соң, комиссия талқылау өткізіп, қорытындылады.Отырыстың қорытындысын Лингвистикалық комиссияның төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов баяндады.Кандидат "Тіл – халықтың алтын діңгегі" тақырыбына шығарма жазды. Жазба жұмысы мазмұны, стилі, емлесі, тыныс белгілері бойынша бағаланды. Екінші тапсырма бойынша Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" романынан ауызша үзінді оқыды. Үшінші тапсырма бойынша "Азат елдің еңсесі биік" тақырыбына ойын ауызша баяндады.Емтихан қорытындысы бойынша Лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Қарақат Жақсылыққызы Әбденнің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы шешім қабылдады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/335/92/3359293_0:0:1365:1024_1920x0_80_0_0_890e67ed4951290e4281d27714459ee5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент сайлауы
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Президенттікке кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтайтын лингвистикалық комиссия Қарақат Әбденнен емтихан алды.
Лингвистикалық комиссия кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін үш бағыт бойынша анықтады: шығарма жазу, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармасынан үзінді оқу, кандидаттың таңдаған тақырыбына көпшілік алдында сөз сөйлеуі.
Емтихан аяқталған соң, комиссия талқылау өткізіп, қорытындылады.
Отырыстың қорытындысын Лингвистикалық комиссияның төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов баяндады.
Кандидат "Тіл – халықтың алтын діңгегі" тақырыбына шығарма жазды. Жазба жұмысы мазмұны, стилі, емлесі, тыныс белгілері бойынша бағаланды. Екінші тапсырма бойынша Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" романынан ауызша үзінді оқыды. Үшінші тапсырма бойынша "Азат елдің еңсесі биік" тақырыбына ойын ауызша баяндады.
Емтихан қорытындысы бойынша Лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Қарақат Жақсылыққызы Әбденнің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы шешім қабылдады.