https://sputnik.kz/20221010/oskemende-may-zauytynda-ort-shyqty-28310294.html
Өскеменде май зауытында өрт шықты
Өскеменде май зауытында өрт шықты
Sputnik Қазақстан
Өрттің жалпы аумағы 150 шаршы метрді құрады 10.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-10T08:29+0500
2022-10-10T08:29+0500
2022-10-10T08:29+0500
шығыс қазақстан
өрт
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/09/28305651_128:0:1152:576_1920x0_80_0_0_096b2bd995c519c60f597b375a4b351b.jpg
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Өскеменде Путевая көшесінде май зауытының аумағында өрт шықты, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті. Өрт сөндірушілер келген уақытта қазандықтың, цехтың шатырының ағаш конструкциялары, көлемі 40 және 70 текше метр күнбағыс қабығы бар екі бункер жанып жатқан. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Жалпы, Шығыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, бір тәулік ішінде департаменттің бөлімшелері 57-ден астам шақыруға барған. Сондай-ақ, өрт сөндіруге жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, шаруа қожалықтарының күштері мен құралдары жұмылдырылып, бұл 120-дан астам техника мен 700-ге жуық адамды құрады. Өртті сөндіруге әкімдіктің, орман мекемелерінің, Ұлттық ұланның, қорғаныс министрлігінің күштері, әкімдіктің МИ-8 тікұшағы да қатысты.
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/09/28305651_256:0:1024:576_1920x0_80_0_0_90f62b1ba9d43c79e487ce8f8db90e51.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
шығыс қазақстан, өрт
Өскеменде май зауытында өрт шықты
Өрттің жалпы аумағы 150 шаршы метрді құрады
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Өскеменде Путевая көшесінде май зауытының аумағында өрт шықты, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт сөндірушілер келген уақытта қазандықтың, цехтың шатырының ағаш конструкциялары, көлемі 40 және 70 текше метр күнбағыс қабығы бар екі бункер жанып жатқан.
"Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекетінің арқасында шамамен 150 шаршы метр аумақта өрт оқшауланды. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 47 адам мен 10 техника жұмылдырылды", - деп хабарлады облыстық ТЖД-да.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Жалпы, Шығыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, бір тәулік ішінде департаменттің бөлімшелері 57-ден астам шақыруға барған. Сондай-ақ, өрт сөндіруге жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, шаруа қожалықтарының күштері мен құралдары жұмылдырылып, бұл 120-дан астам техника мен 700-ге жуық адамды құрады.
Өртті сөндіруге әкімдіктің, орман мекемелерінің, Ұлттық ұланның, қорғаныс министрлігінің күштері, әкімдіктің МИ-8 тікұшағы да қатысты.