Еуропа нәсілшілдік пен орыстарды жек көреді

© Associated PressФлаг Евросоюза. Архивное фото
Флаг Евросоюза. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2022
Жазылу
Еуроодақ санкцияларының сегізінші пакеті бірнеше ресейлік әншіні қара тізімге енгізуді, пластик пен темекіге "кеңейтілген тыйым салуды" қарастырды, деп жазды РИА Новости тілшісі.
Бірақ, жаңа пакетте назар аударатын бір мәлімдеме бар. Бұл ресейліктерге еуропалық криптовалюта платформаларында әмиян ұстауына тыйым салуды қарастырады. Бұл барлық сомаға және Ресейдің барлық азаматтарына, олар тіпті Еуродақтың аумағында тұрса, ондаған жыл бойы еліне келмеген болса және криптовалютаны қайырымдылық мақсатында қолданса да шектеу енгізуге жатады.
Ұлты бойынша енгізілетін бұл бұғаттаушы шектеу ешқандай ерекшелікті қарастырмайды. Тіпті Шенген визасы бар ресейліктерге шекарадан өтуге тыйым салған Польша, Финляндия мен Балтық елдерінің өзі бірқатар ерекшелікті қарастырған болатын. Ал енді түрлі елде тұратын, сол елдің тілінде сөйлейтін және басқа құндылықтарды қадірлейтін ресейліктердің барлығын бірдей деп саралап отыр.
"Бұл нағыз нәсілшілдік. Яғни, русофобия. Владимир Путин Ресей құрамына төрт жаңа өңірді қабылдау кезінде сөйлеген сөзінде русофобия мен нәсілшілдік бүгінде тең ұғым болғанынын айтты. Криптоәмияндарға тыйым салу бүгінгі шындыққа айналды және ол Еуроодақ құжаттарында ресми түрде көрсетілген", - деп жазды мақала авторы.
Оның айтуынша, ресейліктердің арасында Еуропадағы русофобияға сенбейтіндер де бар. Олардың ойынша, қазіргі жағдайдың барлығы Ресейдің Украинадағы әрекеттеріне қатысты мәжбүрлі түрде туындаған қалыпты реакция, ал русофобия – мемлекеттік үгіт-насихаттың белгісі.
"Орыс әлемі - бүкіл Еуропа қаупі бар қатерлі ісік іспеттес. Сондықтан Ресейге қарсы әскери күресінде Украинаны қолдау жеткіліксіз. Біз бұл жаңа үрейлі идеологияны толығымен жоюымыз керек", - деді Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий.
Ксенофобияны бір әлеуметтік топтың немесе саяси күштің меншігі деп елестету дұрыс емес. Ол әлдеқайда кең ұғым. 1930 жылдары Еуропада антисемиттік көзқараста болғандардың бәрі нацист болған жоқ. Либералды партияларда антисемиттер жеткілікті болды, антисемитизм жұмысшылар мен өнеркәсіпшілер, зиялылар мен қаңғыбастар арасында болды.
Мақала авторы Еуропа қазіргі таңда ресейліктерге қатысты қатаң ұстанымды негізге алып отырғанын жазды. Бұл Еуроодақ ресейліктерге ғана қатысты мейлінше қатаң шаралар қолдануды көздеп отырғанын аңғартады.
Таяу Шығыстың тұрғындары жақсы өмір іздеп Еуроодақ шекарасына басып кірген кезде Еуропада көші-қон дағдарысы туындады. Босқындардың көбін шекарадан құжатсыз өткізіп, оларға баспана берді. Ал анығында олардың кейбірі кейін лаңкестік әрекеттерге қатысты болып шықты.
Сол шақта Сирия, Иран, Ливия азаматтарына жаппай берілген визалардың күшін жойып, олардың банк есепшоттарындағы ақшаларын бұғаттау әдісі қолданылды ма? Ал ресейліктерге осы шара қолданылып тұр.
"Сегрегация кезеңінде қара нәсілділерді атвобусқа, кинотеатрға және банкке кіргізбей, олардан өз аумағындағы нысандарды ғана қолдануды талап етті. Ал арнайы әскери операция кезінде ресейліктерді ұшақ рейстерінен түсіріп, қаржы қызметтерінен ажыратып, аккаунт тіркелген аймақ бойынша бұғаттап жатыр. Эстонияда Ресей азаматтарына эстон заңнамасына сәйкес берілген қару-жараққа иелік етуге тыйым салды", - деп жазылған материалда.
Ольстер проблемалары аясында британиялық ирландықтарға қару-жарақ иеленуге тыйым салып, бұл құқықты басқаларға берді ме? Кипр Республикасының солтүстігін басып алғаннан кейін түрік кәсіпкерлеріне қандай санкциялар салынды? Голан шыңдарын ресми аннексиялағаннан кейін қанша компания израильдіктерді инфрақұрылымнан ажыратты? Соңғы жүз жылда араб әлемінде болған оқиғалардың бәрі Еуропаның қоғамдық кеңістігін қаншалықты араб тілі мен мәдениетінен тазартуға әкелді?
Осы тектес сұрақтарды жариялау арқылы мақала авторы орыстарға қатысты қазір әлемде нәсілшілдік қолданылып жатқанын алға тартты. Оның пікірінше, Еуропа орыстарға қатысты қатаң шаралар қолданып, қарапайым азаматтардың құқығын шектеуі Ресей мен Еуроодақ қарым-қатынасындағы тоқырауды үдете түседі.
Жаңалықтар
0