Алматыда белгісіз біреулер подполковникті ауыр соққыға жықты

© Sputnik / Табылды КадырбековКулак, иллюстративное фото
Кулак, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 10 қазан-Sputnik. Алматыда полиция подполковнигін белгісіз біреулер соққыға жыққан, деп хабарлайды Алматы қалалық полици департаменті.
Оқиға 09 қазан сағат түңгі 00.30-да Алматы қаласы Қоңыр көшесі мекен-жайында болған.
"Понарама" мейрамханасының өтіп бара жатқан полиция подполковнигі Ринат Өтегеновті белгісіз біреулер соққыға жыққан. Подполковник ауыр дене жарақатымен 12 қалалық ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаменті.
Алматы қаласының полиция департаментінің мәліметінше, бұл факт бойынша ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жасалып жатыр.
"Осы қылмысты жасады деген күдікпен бес ер адам ұсталды. Полиция қызметкеріне жасалған шабуыл оның кәсіби қызметімен байланысты емес", - деп мәлімдеді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жаңалықтар
0