https://sputnik.kz/20221009/qyrgyzstan-prezidenti-ozbekstanmen-shekara-zhonindegi-kelisimdi-ashyq-qarastyrudy-tapsyrdy-28304620.html
Қырғызстан президенті Өзбекстанмен шекара жөніндегі келісімді ашық қарастыруды тапсырды
Қырғызстан президенті Өзбекстанмен шекара жөніндегі келісімді ашық қарастыруды тапсырды
Sputnik Қазақстан
Жапаровтың тапсырмасы бойынша Қырғызстан парламенті Өзбекстанмен шекараны делимитациялау туралы келісімді ашық режимде қарастырады 09.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-09T19:11+0500
2022-10-09T19:11+0500
2023-08-09T17:01+0500
қырғызстан
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0a/15173658_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_7353ec57d2e83b01d49df488a13e604e.jpg
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Кабар" агенттігіне берген сұхбатында Өзбекстанмен арадағы шекара туралы келісімді парламентте ашық режимде қарауды тапсырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан. Оның айтуынша, мемлекет пен халықтың тағдырын тек Өзгенмен байланыстырудың қажеті жоқ және аудан деңгейінен жоғары болуды ұсынды. "Ел ішіндегі екі аудан мәселесін шешіп жатсақ мейлі екен. Біз Ош, Жалал-Абад және Баткен облыстарындағы 1 400 километрге созылып жатқан шекара мәселесін толығымен шешіп, Өзбекстанмен шекара мәселесіне біржола нүкте қоямыз. Екі елдің шекарасы мәселесі мұрағат құжаттары негізінде шешіледі. Бұл көшеде жиналып, анау айтты, мынау айтты деген сөздерге негізделіп шешілетін мәселе емес. Екі елдің де КСРО кезіндегі карталары, келісімдер, актілер бар", - деп атап өтті ол. Бұған дейін Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаров Өзбекстанмен мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау мәселесі бейбіт жолмен шешілгенін мәлімдеді.
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0a/15173658_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_4c4ba46ccb22735dc0bc05d1808f8347.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қырғызстан
Қырғызстан президенті Өзбекстанмен шекара жөніндегі келісімді ашық қарастыруды тапсырды
19:11 09.10.2022 (жаңартылды: 17:01 09.08.2023) Жапаровтың тапсырмасы бойынша Қырғызстан парламенті Өзбекстанмен шекараны делимитациялау туралы келісімді ашық режимде қарастырады
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Кабар" агенттігіне берген сұхбатында Өзбекстанмен арадағы шекара туралы келісімді парламентте ашық режимде қарауды тапсырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
"Бүгін мен бұл мәселені ертең комитетте жабық режимде емес, ашық түрде қарауды тапсырдым. Халық көрсін, білсін", - деді Жапаров.
Оның айтуынша, мемлекет пен халықтың тағдырын тек Өзгенмен байланыстырудың қажеті жоқ және аудан деңгейінен жоғары болуды ұсынды.
"Ел ішіндегі екі аудан мәселесін шешіп жатсақ мейлі екен. Біз Ош, Жалал-Абад және Баткен облыстарындағы 1 400 километрге созылып жатқан шекара мәселесін толығымен шешіп, Өзбекстанмен шекара мәселесіне біржола нүкте қоямыз. Екі елдің шекарасы мәселесі мұрағат құжаттары негізінде шешіледі. Бұл көшеде жиналып, анау айтты, мынау айтты деген сөздерге негізделіп шешілетін мәселе емес. Екі елдің де КСРО кезіндегі карталары, келісімдер, актілер бар", - деп атап өтті ол.
Бұған дейін Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаров Өзбекстанмен мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау мәселесі бейбіт жолмен шешілгенін мәлімдеді.