Аңдатпа

Қазақстанда 10 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневОсень в Астане
Осень в Астане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2022
Жазылу
Sputnik Қазақстан 10-14 қазан аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

10 қазанға жоспарланған іс-шаралар

АСТАНА
10:00 - мәжілісте үкімет сағаты. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ауылдардағы денсаулық сақтау саласының қазіргі жағдайы мен даму болашағы туралы баяндайды. Тікелей эфирді Мәжілістің ресми сайты мен YouTube арнасынан көруге болады.
10.00 – Ішкі істер министрлігінің "Қылмыстық автобизнеске қарсы күрес" тақырыбында онлайн-көрсетілім форматындағы брифингі.
11.00 –"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ IPO": "Самұрық-Қазынадағы" алғышарттар және дайындық мәртебесі" мәселелері бойынша қоғамдық кеңестік отырысы (Сығанақ көшесі, 17/10, 18-қабат, 1807 мәжіліс залы).
11.00 – Владимир Гвоздевтің "Талисман" көрмесі (Дінмұхамед Қонаев көшесі, 14Д).
11.00 - Ұлттық қолжазбалар орталығында "Алжир – ұрпақ жадында" көшпелі көрмесінің ашылуы. 10-28 қазан аралығында көрме қонақтары әділетсіз қуғын-сүргінге ұшыраған мемлекет және қоғам қайраткерлері әйелдерінің, аналары мен әпкелерінің фотосуреттерін, мұрағаттық құжаттарын және жеке заттарын тамашалай алады (Астана қаласы, Нұржол көшесі, 12).
12.00 – В.Цойды еске алуға арналған "Звезда по имени солнце" көрмесі ("Москва" БО, Достық көшесі, 18).
АЛМАТЫ
09.30 – "Объекты всемирного наследия Китая" фотокөрмесі (ҚР Орталық мемлекеттік музейі, Самал-1 шағын ауданы, 44-үй).
10.00 – "Центрально-Азиатский Эфир" көрмесі (Esentai Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 77/8).
10.00 - "Магия искусств" көрмесі (ҚР Орталық мемлекеттік музейі, Самал-1 шағын ауданы, 44-үй).
10.00 - V халықаралық қонақ үй форумы (Rixos Almaty, Сейфуллин даңғылы, 506).
11.00 - "Ван Гог. Тайны гения или безумца" көрмесі (Vekarta галереясы, Сәтпаев көшесі, 30/5 5, 3-корпус).
12.00 - "В объятиях творчества" көрмесі ("Ұлар" галереясы, Панфилов көшесі, 92).
V халықаралық қонақ үй форумы. Шара қонақжайлылық және туризм индустриясындағы қазақстандық және шетелдік мамандарды біріктіруге, сондай-ақ пандемиядан кейінгі кезеңде қонақүй бизнесі садасындағы проблемаларды талдауға арналған.

13 қазанға жоспарланған іс-шаралар

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI саммиті өтеді (АӨСШК).

14 қазанға жоспарланған іс-шаралар

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) мемлекет басшылары кеңесінің отырысы. "Орталық Азия – Ресей" саммиті.
Жаңалықтар
0