https://sputnik.kz/20221009/komitet-qazaq-qyrgyz-shekarasyndagy-zhuk-kolikterinin-keptelisine-qatysty-pikir-bildirdi-28301156.html
Комитет қазақ-қырғыз шекарасындағы жүк көліктерінің кептелісіне қатысты пікір білдірді
Комитет қазақ-қырғыз шекарасындағы жүк көліктерінің кептелісіне қатысты пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Қазіргі уақытта қазақстандық "Қарасу" өткізу бекетінде жүк көліктерінің кептелісі жоқ, бекет жұмысы қалыпты режимде жүріп жатыр. Бұл... 09.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-09T16:13+0500
2022-10-09T16:13+0500
2022-10-09T16:13+0500
қазақстан
қырғызстан
шекара
https://sputnik.kz/img/07e6/06/09/25437085_0:285:3072:2013_1920x0_80_0_0_e44bfdc03651e6be6a62ab0ca10198d5.jpg
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Қазіргі уақытта қазақстандық "Қарасу" өткізу бекетінде жүк көліктерінің кептелісі жоқ, бекет жұмысы қалыпты режимде жүріп жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Ведомствода хабарлағандай, жүк көліктерінің уақытша тұралап қалуы Қырғызстанға Ресейден транзитпен өтетін көліктердің бір мезгілде көптеп келуіне байланысты болды. Ресей азаматтарының ағыны азайғаннан кейін жүк көліктері Ресейден Қазақстан мен Қырғызстан бағытында бір уақытта өткізіле бастады. Комитет мәлімдемесіне сәйкес, осы себепті "Қарасу" өткізу бекетіне жүк көліктерінің бір мезгілде келуі тіркелген. Қазіргі уақытта Қазақстанның шекара қызметі мен Мемлекеттік кірістер комитетінің экспорттық бақылау қызметі қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.
қазақстан
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/09/25437085_187:0:2918:2048_1920x0_80_0_0_c38a742da2b3d88bd30c3be093367197.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, қырғызстан, шекара
қазақстан, қырғызстан, шекара
Комитет қазақ-қырғыз шекарасындағы жүк көліктерінің кептелісіне қатысты пікір білдірді
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Қазіргі уақытта қазақстандық "Қарасу" өткізу бекетінде жүк көліктерінің кептелісі жоқ, бекет жұмысы қалыпты режимде жүріп жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Ведомствода хабарлағандай, жүк көліктерінің уақытша тұралап қалуы Қырғызстанға Ресейден транзитпен өтетін көліктердің бір мезгілде көптеп келуіне байланысты болды.
"22 қыркүйектен бастап Қазақстан – Ресей шекарасында Ресей азаматтарының легі артты. Сондықтан, ресейлік азаматтар шекарадан бірінші кезекте өткізілді. Ресейден Қазақстан аумағына жүк көліктерінің кіруіне Ресей шекара қызметі уақытша шектеу қойды", - деп жазылған хабарламада.
Ресей азаматтарының ағыны азайғаннан кейін жүк көліктері Ресейден Қазақстан мен Қырғызстан бағытында бір уақытта өткізіле бастады.
Комитет мәлімдемесіне сәйкес, осы себепті "Қарасу" өткізу бекетіне жүк көліктерінің бір мезгілде келуі тіркелген. Қазіргі уақытта Қазақстанның шекара қызметі мен Мемлекеттік кірістер комитетінің экспорттық бақылау қызметі қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.