ЕУРО-2024: Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

© Pixabay / Andy03Футбольный мяч
Футбольный мяч - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Франкфурт-на-Майнеде (Германия) 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті.
Қазақстан құрамасы Дания, Финляндия, Словения, Солтүстік Ирландия және Сан-Мариномен бірге "H" тобына түсті.
Еске салсақ, 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі 2023 жылдың наурыз айында басталады. Матчтар кестесі кейінірек жарияланады.
Бірінші орын алған құрамалар және топта екінші орын иеленгендер Еуропа чемпионатының ақтық кезеңіне өтеді. 24 орынның соңғы үшеуінің иегерлері қарсы ойын кезінде анықталады. Оның қатысушылары Ұлттар лигасы – 2022/2023 қорытындысы бойынша белгілі болады.
Ұлттар лигасының финалдық кезеңіне өткен және 2023 жылдың маусымында осы турнирге қатысатын төрт команда бес командадан тұратын топта іріктеу кезеңінде ойнайды.
Айта кетейік, Германия Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алғандықтан турнир қожайыны ретінде оған қатыспайды.
Жаңалықтар
0