https://sputnik.kz/20221009/cargolux-kompaniyasy-qazaqstanga-zhuk-tasymaldauga-niet-bildirdi-28284518.html
Cargolux компаниясы Қазақстанға жүк тасымалдауға ниет білдірді
Cargolux компаниясы Қазақстанға жүк тасымалдауға ниет білдірді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Люксембургтің Cargolux жүк әуе компаниясы қайтадан Қазақстанға және Қазақстан арқылы ұшуға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды... 09.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-09T08:00+0500
2022-10-09T08:00+0500
2022-10-09T08:00+0500
жүк
әуе компаниясы
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/08/28284220_0:0:1915:1077_1920x0_80_0_0_c3cd1b4bd66912615c0c2ce0f5618bc2.jpg
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Люксембургтің Cargolux жүк әуе компаниясы қайтадан Қазақстанға және Қазақстан арқылы ұшуға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті.Люксембургтің Ресей Федерациясындағы, Беларусьтегі және Қазақстандағы елшісі Джордж Фабер Азаматтық авиация комитетінің басшысы Талғат Ластаевпен келіссөз барысында Cargolux қайтадан Қазақстан әуежайлары арқылы ұшуды, оның ішінде техникалық қонуды орындағысы келетінін айтты.Бастапқы кезеңде жүк тасымалдаушы Еуропа мен Қытай, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азияға арасындағы ұшулар кезінде жүзеге асырылатын көршілес елдерден аптасына 30-40-қа жуық техникалық қону процесін Қазақстан әуежайларына ауыстыруды жоспарлап отыр.Қазақстан тарапы Қазақстанда Cargolux әуе рейстерін қайта іске қосу үшін жан-жақты көмек көрсетуге дайын.Cargolux Airlines International S.A. (Cargolux) – 1970 жылы құрылған Люксембургтегі жүк авиакомпаниясы. Ол "Боинг 747" тектес 30 ұшақты басқаратын Еуропаның ең ірі жүк тасымалдаушысы. Әуе компаниясының штаб-пәтері мен хабы Люксембургте орналасқан.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/08/28284220_0:0:1605:1204_1920x0_80_0_0_9022224ac5889c2b40df70d7dadd6d8a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүк, әуе компаниясы
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Люксембургтің Cargolux жүк әуе компаниясы қайтадан Қазақстанға және Қазақстан арқылы ұшуға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті.
Люксембургтің Ресей Федерациясындағы, Беларусьтегі және Қазақстандағы елшісі Джордж Фабер Азаматтық авиация комитетінің басшысы Талғат Ластаевпен келіссөз барысында Cargolux қайтадан Қазақстан әуежайлары арқылы ұшуды, оның ішінде техникалық қонуды орындағысы келетінін айтты.
Бастапқы кезеңде жүк тасымалдаушы Еуропа мен Қытай, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азияға арасындағы ұшулар кезінде жүзеге асырылатын көршілес елдерден аптасына 30-40-қа жуық техникалық қону процесін Қазақстан әуежайларына ауыстыруды жоспарлап отыр.
Қазақстан тарапы Қазақстанда Cargolux әуе рейстерін қайта іске қосу үшін жан-жақты көмек көрсетуге дайын.
Cargolux Airlines International S.A. (Cargolux) – 1970 жылы құрылған Люксембургтегі жүк авиакомпаниясы. Ол "Боинг 747" тектес 30 ұшақты басқаратын Еуропаның ең ірі жүк тасымалдаушысы. Әуе компаниясының штаб-пәтері мен хабы Люксембургте орналасқан.