Айыппұл орнына түрмеге жабылды: СҚО-да сот шенеунікке берілген жазаны ауыстырды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСудебное заседание, архивное фото
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2022
Жазылу
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Мереке Ағажановқа қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды
ПЕТРОПАВЛ, 9 қазан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкердің 1 миллион теңгеден астам ақшасын алдап алған мемлекеттік мекеме басшысына соттың шешімімен бастапқыда айыппұл түрінде белгіленген жаза бас бостындығынан айыруға ауыстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Агенттіктегілер атап өткендей, алаяқтық фактісі өңір аумағындағы автомобиль жолдарын салу және жөндеу саласындағы қылмыстық схеманы ашуға бағытталған жедел іс-шаралардың нәтижесінде анықталды.
"Мекеме басшысы кәсіпорынның мемлекеттік сатып алуларға сәтті қатысуы үшін қажетті тұрақтылық коэффициентін арттыру деген сылтаумен алдау және сенімге қиянат жасау арқылы серіктестік директорынан 1 миллион 250 мың теңге көлемінде заңсыз материалдық сыйақы алған", - деді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің алдын алу басқармасының басшысы Дамир Хабибулин.
Ол Ағажанов өзінің қызметтік міндеттеріне байланысты серіктестік төлеген салық мөлшерлемесін өзгерту туралы өтініштің кез келген жағдайда мақұлданатынын анық білгенін атап өтті. Алайда қылмыстық жолмен пайда табу мақсатын көздеген мекеме басшысы бұл туралы айтпаған.
Бастапқыда Петропавл қалалық соты Мереке Ағажановқа 10 миллион 271 мың теңге айыппұл салған. Алайда, шенеунік бостандықта төрт ай ғана жүрді: облыстық прокуратура сот үкімімен келіспеді. Қылмыстық-сот қадағалау басқармасының басшысы Жангелді Базарбаев түсінддіргендей, облыстық прокуратура істің мән-жайын ескере отырып, жазаны шектен тыс жеңіл деп санап, үкімді өзгерту туралы талап арыз жолдаған.
"Апелляциялық инстанция прокуратураның уәжімен келісе отырып, Ағажановты қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен үш жылға бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызмет саласында қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салу жазасын тағайындады", - деді прокуратурадағылар.
Шенеунік алдаған кәсіпкер де сотталды және оған Ағажановқа қарағанда әлдеқайда ұзақ жаза мерзімі белгіленді. Пара бергені үшін жол компаниясының 75 жастағы директоры Бабкен Мартиросян жеті жылға бас бостандығынан айырылды.
Ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауға әкеп соқтырған қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын бақылау жөніндегі өз қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Төлеген Қабдушев тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жаңалықтар
0