Жолаушылар пойызындағы өрт: 5 купе өртенді – ҚТЖ

© Sputnik / Александр Уткин / Медиабанкке өтуАрхивное фото пассажира поезда
Архивное фото пассажира поезда - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) ұлттық теміржол тасымалдаушысы "Қызылорда – Семей" жолаушылар пойызындағы вагондардың бірінде бес купе өртенгенін хабарлады.
Еске салсақ, Жамбыл облысында сағат 03:00 шамасында пойыз өртенді. Бұған дейін полицейлер өрттің электр қондырғысынан шыққанын хабарлаған.
Ешкім зардап шеккен жоқ: барлық жолаушылар эвакуацияланып, содан кейін басқа вагондарға орналастырылды.
Түлкібас – Тараз учаскесінде шұғыл аялдама жасалды. Апаттың мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды.
Қыркүйектің соңында Алматы – Петропавл пойызында да осындай оқиға болды: түнде техникалық қызмет көрсететін вагонда өрт шықты.
Жаңалықтар
0