Жеңіл көлік пен КамАЗ-дың соқтығысуы салдарынан екі бала мен ересек адам қаза тапты

© департамент полиции Павлодарской областиПавлодар облысында жеңіл көлік КамАЗ-бен соқтығысты
Павлодар облысында жеңіл көлік КамАЗ-бен соқтығысты   - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Павлодар облысында Ақсу ауданының Сырлықала ауылы маңындағы тасжолда кеше түнде адам өліміне әкелген жол апаты болды: қайғылы жағдайдан үш жолаушы, оның ішінде екі бала көз жұмды.
Павлодар облысы полицейлерінің мәліметінше, "Нива" жүргізушісі қатты жылдамдықпен жол жиегінде тұрған КамАЗ тіркемесіне соғылған.
© департамент полиции Павлодарской областиПавлодар облысында жеңіл көлік КамАЗ-бен соқтығысты
Павлодар облысында жеңіл көлік КамАЗ-бен соқтығысты   - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2022
Павлодар облысында жеңіл көлік КамАЗ-бен соқтығысты
"Ниваның" 1982, 2010 және 2016 жылы туған үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Екі жүргізуші де тірі, олар дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Жаңалықтар
0