https://sputnik.kz/20221008/toqaev-qashagandagy-gaz-ondeu-zauytynyn-qurylysyn-zhedeldetudi-tapsyrdy-28285953.html
Президент Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысын жеделдетуді тапсырды
Президент Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысын жеделдетуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 қазан - Sputnik. Президент "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 08.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-08T15:16+0500
2022-10-08T15:16+0500
2022-10-08T15:32+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/06/01/25211008_0:90:800:540_1920x0_80_0_0_d687de29046ae555e0a2b34b293a101d.jpg
АСТАНА, 8 қазан - Sputnik. Президент "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.Мемлекет басшысына ішкі нарықты тауарлық газбен қамтамасыз етуге басымдық беру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы есеп берілді.Сонымен қатар Санжар Жаркешов Қасым-Жомарт Тоқаевқа газ саласын дамытудың кешенді жоспарының жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады. Аталған жоспарда ресурстық базаны кеңейту, еліміздегі газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғырту және газ саласын реформалау мәселелері қамтылған. Заңнамаға тиісті өзгерістер жыл соңына дейін енгізіледі.Басқарма төрағасының аталған мәселелер жөніндегі баяндамасын тыңдаған соң, мемлекет басшысы газ саласын дамытудың кешенді жоспарын одан әрі жүзеге асыруды жалғастыру және Қашаған кен орнында салынып жатқан газ өңдеу зауытының құрылысын жеделдету жөнінде тапсырма берді.Қуаттылығы 1,15 миллиард текше метрді құрайтын Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысының операторы бастапқыда жекеменшік "GPC Investment" ЖШС болды. Бірақ кейін компания тарту ету келісімі бойынша QazaqGaz ұлттық компаниясының балансына берілді.Қашаған соңғы онжылдықта ашылған ең ірі мұнай кен орындарының бірі болып саналады. Сарапшылардың бағалауы бойынша, мұндағы қор көлемі 9-13 миллиард баррель мұнайды құрайды. Қашағандағы коммерциялық өндіріс 2016 жылдың күзінде басталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/01/25211008_43:32:800:600_1920x0_80_0_0_7f0cd193348982b4c8a31670877bf16b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 8 қазан - Sputnik. Президент "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысына ішкі нарықты тауарлық газбен қамтамасыз етуге басымдық беру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы есеп берілді.
Сонымен қатар Санжар Жаркешов Қасым-Жомарт Тоқаевқа газ саласын дамытудың кешенді жоспарының жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады. Аталған жоспарда ресурстық базаны кеңейту, еліміздегі газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғырту және газ саласын реформалау мәселелері қамтылған. Заңнамаға тиісті өзгерістер жыл соңына дейін енгізіледі.
Басқарма төрағасының аталған мәселелер жөніндегі баяндамасын тыңдаған соң, мемлекет басшысы газ саласын дамытудың кешенді жоспарын одан әрі жүзеге асыруды жалғастыру және Қашаған кен орнында салынып жатқан газ өңдеу зауытының құрылысын жеделдету жөнінде тапсырма берді.
Қуаттылығы 1,15 миллиард текше метрді құрайтын Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысының операторы бастапқыда жекеменшік "GPC Investment" ЖШС болды. Бірақ кейін компания тарту ету келісімі бойынша QazaqGaz ұлттық компаниясының балансына берілді.
Қашаған соңғы онжылдықта ашылған ең ірі мұнай кен орындарының бірі болып саналады. Сарапшылардың бағалауы бойынша, мұндағы қор көлемі 9-13 миллиард баррель мұнайды құрайды. Қашағандағы коммерциялық өндіріс 2016 жылдың күзінде басталды.