Қырым көпірінде жанармай цистерналары өртенді

© RTҚырым көпіріндегі өрт
Қырым көпіріндегі өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Қырым көпірінде сенбі күні таңертең жүк көлігі жарылғаннан кейін пойыз өртеніп, автокөлік жолы жартылай опырылып түсті.
Ресейлік БАҚ оқиға орнында түсірілген видеоларды жариялады. Онда темір жолдағы жанармай құйылған цистерналар өртеніп жатыр, ал параллель орналасқан автокөлікке арналған тасжолдың аралығы опырылып түскен.
Ресейдің Ұлттық терроризмге қарсы комитеті Қырым көпірінде жүк көлігі жарылғанын хабарлады.
"Бүгін таңғы сағат 06:07-де Таман түбегі жағынан Қырым көпірінің автокөлік бөлігінде жүк көлігі жарылып, Қырым түбегіне қарай бет алған теміржол пойызының жеті жанармай цистернасының тұтануына себеп болды", - деп жазылған комитет таратқан хабарламада.
Соның салдарынан екі көлік аралығы жартылай опырылып қалды.
Көпірдің кеме жүретін бөлігінің үстіндегі арка зақымданбаған.
Бұған дейін оқиғадан ешкім зардап шекпегені хабарланған болатын.
Қырым билігі келтірілген шығынның "ауыр сипатта емес" екенін және тез арада жөнделетінін мәлімдеді.
Қазіргі уақытта көпірдегі қозғалыс тоқтатылды, паромдық өткел дайындалып жатыр.
Жаңалықтар
0