Қазақстанда 9 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур БатыршинОсень, Алматы
Осень, Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2022
Жазылу
Sputnik Қазақстан 9-14 қазан аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

10 қазанға жоспарланған іс-шаралар

Алматыдағы V халықаралық қонақ үй форумы. Шара қонақжайлылық және туризм индустриясындағы қазақстандық және шетелдік мамандарды біріктіруге, сондай-ақ пандемиядан кейінгі кезеңде қонақүй бизнесі садасындағы проблемаларды талдауға арналған. Аккредиттеу: +7-707-847-6501, togzanbektursynova@gmail.com, olessya.kolesnichenko@gmail.com.
11.00 – Ұлттық қолжазбалар орталығында "Алжир – ұрпақ жадында" көшпелі көрмесінің ашылуы. 10-28 қазан аралығында көрме қонақтары әділетсіз қуғын-сүргінге ұшыраған мемлекет және қоғам қайраткерлері әйелдерінің, аналары мен әпкелерінің фотосуреттерін, мұрағаттық құжаттарын және жеке заттарын тамашалай алады (Астана қаласы, Нұржол көшесі, 12).
10:00 - мәжілісте үкімет сағаты. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ауылдардағы денсаулық сақтау саласының қазіргі жағдайы мен даму болашағы туралы баяндайды. Тікелей эфирді Мәжілістің ресми сайты мен YouTube арнасынан көруге болады.

13 қазанға жоспарланған іс-шаралар

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI саммиті өтеді (АӨСШК).

14 қазанға жоспарланған іс-шаралар

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) мемлекет басшылары кеңесінің отырысы.
"Орталық Азия – Ресей" саммиті.
Жаңалықтар
0