Astana Open турнирінің жартылай финалистері анықталды

© PhotoТеннис добы
Теннис добы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2022
Жазылу
Елордада өтіп жатқан турнирде Новак Джокович, Даниил Медведев, Стефанос Циципас және Андрей Рублев жартылай финалға шықты
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Әлемнің төртінші ракеткасы ресейлік Даниил Медведев ATP 500 Astana Open жарысының ширек финалында жаһандық рейтингте 21-орында тұрған испаниялық Роберто Баутиста-Агутаны 6:1, 6:1 есебімен жеңді.
"Мен үшін Роберто ыңғайсыз қарсылас. Жақсы ойын көрсетіп, жеңіске жеттім! Қазақстанда көңіл-күйім көтеріңкі жүреді. Егер сіздердің турнирлеріңіз күнтізбеде болса, мен әрқашан келемін", - деді Даниил матчтан кейін.
Жартылай финалда Медведев "Үлкен дулыға" турнирінің 21 дүркін чемпионы Новак Джоковичпен кездеседі.
Екінші жартылай финалда әлемнің 5 және 6-шы ракеткасы Стефанос Циципас пен Андрей Рублев ойнайды.
Жаңалықтар
0