ҰБТ: байқау сынақтары іске қосылды

© Photo : Pixabay /WolfsribРука на клавиатуре ноутбука, иллюстративное фото
Рука на клавиатуре ноутбука, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2022
Жазылу
Тестілеу онлайн форматта орталықтың сайтында жүзеге асырылады
АСТАНА, 7 қазан-Sputnik. Ұлттық тестілеу орталығы Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған байқау сынақтарын іске қосты, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігі.
Байқау сынағы оқуға түсушілерге ҰБТ-ға дайындалуға көмек ретінде әзірленді. Талапкерлерге ҰТО сайтында тегін онлайн тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі. Ол үшін тестіленушілерге тек ЖСН теріп, бейіндік пәндердің комбинациясын таңдап, байқау сынағына кірісу қажет.
"Министрлік тестілеу кезінде ғана емес, оның басталуына дейін де қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Біз ҰБТ-ға дайындық үшін онлайн тестілеуді іске қостық. Яғни, қазірдің өзінде талапкерлерге IT-мамандыққа түсу үшін міндетті болып табылатын "математика-информатика" пәндерінің комбинациясы қолжетімді. Сонымен қатар болашақ студенттер тест тапсырмаларының өзгертілген құрылымымен таныса алады", – деп атап өтті Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Естеріңізге сала кетейік, биыл дистракторлар (жауап нұсқалары) санын азайту туралы шешім қабылданды. Бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (үш дұрыс жауаптан көп емес) нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін азаяды.
Тестілеу форматында өзгерістер жоқ. Пәндер саны – үш міндетті және екі бейіндік, жалпы 120 тест тапсырмасы болады. Алайда, "Қазақстан тарихы" және "Оқу сауаттылығы" пәндерінің тест тапсырмалары санына өзгерістер енгізілді. Енді "Қазақстан тарихының" бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы, ал "Оқу сауаттылығы" бойынша 15 тапсырма беріледі.
"Сондай-ақ, тестілеуге дайындық үшін Ұлттық тестілеу орталығы "Қазақстан тарихы" және "Дүниежүзі тарихы" пәндері бойынша 100 датаның тізімін жариялады. Ал "Қазақ әдебиеті" және "Орыс әдебиеті" бейіндік пәндері бойынша талапкерлер үшін тест тапсырмаларында кездесетін шығармалар тізімі қолжетімді болады. Жақын арада тегін онлайн сабақтар басталады", – деді Руслан Емелбаев.
Білім деңгейін тексергісі келетіндер үшін ҰТО сайтында ақылы онлайн-тестілеу де іске қосылды.
Жаңалықтар
0