Таиландта бұрынғы полицей балабақшаға оқ жаудырды: 36 адам қаза тапты

Таиланд, архивтегі фото
Таиланд, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Таиландтың Нонгбуалампху провинциясында 12 ересек адам, 24 бала кісі қолынан қаза тапты, оның 22-сі балабақшада көз жұмған, тағы 12 адам әр түрлі дәрежедегі ауыр жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости провинция әкімшілігіне сілтеме жасап.
"Белгісіз адамның оқ атуы салдарынан 36 адам қаза тапты, оның ішінде 22 бала – 19 ұл бала және 3 қыз бала – кіші жастағы балаларды дамыту орталығында, 2 ұл бала орталықтан тыс жерде, соның ішінде қылмыскердің үйінде көз жұмды. Ересектерден 6 ер адам және 6 әйел қайтыс болды. 12 адам түрлі деңгейде ауыр жарақат алды", - деп жазылған әкімшіліктің арнайы бюллетенінде.
Жергілікті полицияның мәліметінше, қылмыскер бұрынғы полиция сержанты Панья Кхамрап екені белгілі болды. Балабақшаға оқ жаудырғаннан кейін қылмыскер оқиға орнынан кетіп, үйінде жасырынған.
Біраз уақыттан кейін полиция қызметкерлері тұрғын үйді қоршауға алып, оқ атқан адаммен келіссөз жүргізуге тырысқан. Ол жауап бермеген соң, полицейлер қылмыскер қашып үлгерді деген болжам жасады.
Біраз уақыттан кейін тәртіп сақшылары үйге кірген кезде оқ атқан адамның, оның әйелі мен баласының мәйітін тапты.
Жаңалықтар
0