Шымкентте әйел аялдама жанындағы шұңқырға түсіп кетті

© Photo : ДВД Северо-Казахстанской областиОстановка в Петропавловске, архивное фото
Остановка в Петропавловске, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Шымкенттің Нұрсат шағын ауданында әйел аялдама жанындағы шұңқырға түсіп кетті.
"Шымкент қаласы "112" құтқару қызметіне Нұрсат шағын ауданындағы 80-ші орта мектептің жанындағы аялдамада әйел адамға көмек қажет екені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі барып, азаматшаның аяғы бетонның арасына қыстырылып қалғанын анықтады", - делінген ТЖД хабарламасында.
Құтқарушылар "Holmatra" арнайы авариялық-гидравликалық құтқару құралдарын пайдаланып, бетонды бұзып, зардап шеккеннің аяғын босатты.
Жедел жәрдем қызметкерлері әйелге қажетті медициналық көмек көрсетті.
Жаңалықтар
0