Қызылорда тұрғыны тапа-тал түсте танысын атып кетті

© Photo : Рixabay/SkitterphotoИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Қызылорда қаласының тұрғыны тапа-тал түсте көшеде танысын атып кетті, деп хабарлады "Астана" арнасы.
Оқиға қаланың сол жағалауындағы көпқабатты үйлердің алдында болған. Күдікті – 56 жастағы азамат. Ол атыс қаруымен 43 жастағы әйелді жарақаттап, қашып кеткен. Бірақ жедел іздестіру барысында көп ұзамай қолға түсті. Айғақ заттар тәркіленді.
"Қылмыстық кодекстің 14-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігі бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді Қызылорда қалалық полиция басқармасы тергеу бөлімінің бастығы Рақымжан Сұлтанқұлов.
Оқ жәбірленушінің сол жақ жамбасына тиген. Ішкі мүшелері зақымданған. Қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы ауыр.
Жаңалықтар
0