Путин Тоқаевқа алғыс айтты

© POOL / Медиабанкке өтуПрезидент РФ В. Путин провел совещание с руководителями предприятий ОПК
Президент РФ В. Путин провел совещание с руководителями предприятий ОПК - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 7 қазан - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ТМД аясында орыс тілін насихаттайтын халықаралық ұйым құру туралы ұсынысын ресейлік әріптесі Владимир Путин қолдады.
Санкт-Петербургте ТМД елдері басшыларының бейресми саммиті өтіп жатыр. Кездесу Константинов сарайында ұйымдастырылды.

"Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлының ТМД аясында орыс тілін қолдау және насихаттау бойынша халықаралық ұйым құру туралы бастама көтергенін қолдайтынымды атап өткім келеді. Бұл үшін президент Тоқаевқа алғысымыз шексіз. Менің ойымша, бұл орыс тілі мемлекетаралық қарым-қатынас тілі екенін ескерсек, сонымен қатар, Ресейде миллиондаған ТМД азаматы жұмыс істеп, Ресейге даму жоспарларын жүзеге асыруға көмектесе отырып, өз отбасыларын асырауға қажетті қаражат тауып отырғанын ескерсек, бұл барлығы үшін маңызды", - деді Путин.

Бұған дейін Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бейресми саммитті келесі аптада Астанада өтетін ТМД саммитіне дайындық ретінде маңызды шара деп атады.
Песков, сондай-ақ, Санкт-Петербург саммитіне қатысатын мемлекет басшылары бейресми кездесуде Путинді туған күнімен құттықтауы ықтимал екенін айтты.
Бұған дейін Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев та Путинді туған күнімен құттықтады.
Жаңалықтар
0