Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болды

© AFP 2024 / JONATHAN NACKSTRANDМедаль с изображением Альфреда Нобеля
Медаль с изображением Альфреда Нобеля  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. 2022 жылғы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болды.
Олар – Беларусьтегі тіркелмеген "Весна" құқық қорғау орталығының төрағасы Алесь Беляцкий, ресейлік "Мемориал"* құқық қорғау ұйымы және украиналық "Азаматтық еркіндік орталығы" құқық қорғау ұйымы. Бұл туралы Ослода орналасқан норвегиялық Нобель комитеті хабарлады.
2021 жылы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы ресейлік журналист және "Новая газетаның" бас редакторы Дмитрий Муратов пен филиппиндік журналист Мария Рессаға берілді.
2022 жылы Нобель апталығы 3-10 қазан аралығында өтіп жатыр. Ол "Физиология немесе медицина" номинациясы бойынша марапатты тапсырудан басталды. 4 қазанда физика, 5 қазанда химия, 6 қазанда әдебиет саласындағы сыйлықтың иегерлері анықталды.
Бүгін бейбітшілік саласындағы сыйлықтың иегері белгілі болды. Ал 10 қазанда " Альфред Нобель атындағы экономика саласындағы Швеция мемлекеттік банкінің сыйлығы" кімге табысталатыны белгілі болады.
Жаңалықтар
0