Назарбаев Путинді туған күнімен құттықтады

© Photo : пресс-служба ЕлбасыНурсултан Назарбаев и Владимир Путин
Нурсултан Назарбаев и Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 7 қазан-Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, сондай-ақ Түркия көшбасшылары Режеп Тайып Ердоғанмен, Қырғызстан Садыр Жапаровпен, Куба Мигель Диас-Канель Бермудеспен, ОАР Сирил Рамафосамен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.
Путиннің 70 жылдық мерейтойына орай мемлекет басшыларынан көптеген құттықтау хаттары жеделхаттар келіп түсті.
"Сонымен қатар, РФ президентін телефон арқылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғыз республикасының президенті Садыр Жапаров, Куба республикасының президенті Мигель Диас-Канель Бермудес, Түркия республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған және Оңтүстік Африка республикасының президенті Сирил Рамафоза құттықтады",- делінген хабарламада.
Әңгімелесулерде екіжақты қарым-қатынасты дамыту және өзекті халықаралық мәселелер де қозғалды.
Бүгін Қазақстан Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургке ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне келді.
Жаңалықтар
0