Коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

© AFP 2024 / NATALIA KOLESNIKOVAМедицина қызметкері
Медицина қызметкері  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 45 адамнан анықталды. Бір күн бұрын 60 науқас тіркелген болатын.
7 қазандағы мәлімет бойынша 1 102 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 117 пациент стационарда, 985 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастардың арасында:
5 адамның жағдайы ауыр,
3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 393 884 науқас тіркелді.
Жаңалықтар
0