Кегенде қазан айы басталғалы ауыз су үш рет тоқтады

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 7 қазан – Sputnik. Алматы облысы Кеген ауданының орталығында ауыз су жиі өшіріледі. Мұндай келеңсіздіктен әбден мезі болған тұрғындар журналистерден көмек сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Кеген елді мекенінде құбырдың жарылуына байланыс ауыз су тоқтатылатыны туралы хабарлама тұрғындардың ватсап желісіне айына кем дегенде 5-6 рет келетін көрінеді.
"Суды бір айда он ретке дейін өшіреді. Жарық та жиі сөнеді", - дейді кегендіктер.
Ал су қызметі мамандары "кінә бізден ғана емес" дегенді айтады.
"Дәл қазір 4 жерде құбыр жарылып тұр. Негізі құбырлар анау айтқандай ескі емес. 2009 жылы салынған құбырлар. Су құбыры болған соң жарылады ғой. 60 тонналық машиналар ары-бері жүріп жатыр. Біздің көшелер ондай ауыр жүк көліктеріне жарамайды. Жер қозғалып, салдарынан су құбырлары жарылады. Сондай-ақ жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, оның да салдары болады", - дейді "Кеген су құбыры" МК басшысы Өскен Адинов.
Мамандардың айтуынша, кез келген олқылық дер кезінде жойылып жатыр. Бұл жолы жарылған құбыр да халықты көп күттірмей, жедел жөнделеді.
Жаңалықтар
0