Астанада жаңа аудан құрылады

© Sputnik / Владислав ВодневАстана келбеті
Астана келбеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Астана мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов елордада жаңа аудан құруды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін мәслихат отырысында Ерлан Каналимов қала халқының өсуіне байланысты жаңа аудан құру қажеттігін мәлімдеді. Отырысқа қатысқан әкім Алтай Көлгінов те жаңа аудан құрудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Оның айтуынша, елорда құрылғанда екі ауданда 350 мың адам болған. Қазір Есіл ауданының өзінде 370 мың адам тұрады.
"Осы мәселені қоғамдық талқылаудан өткізейік. Одан кейін 2023 жылға қарай үкіметке ұсыныс жасайық", - деді Көлгінов.
Жаңалықтар
0