Жасөспірімдер түсірген видео ұрыны ұстауға көмектесті

© AP Photo / Dieu Nalio CheryАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Түркістан облысында жасөспірімдер түсірген видео ұрыны ұстауға көмектесті, деп хабарлады Polisia.kz.
Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, күндізгі уақытта оның үйіне ұры түсіп, алтын жүзік, алтын білезік және 13 мың теңге ақшасын жымқырып кеткен. Жәбiрленушiге 150 мың теңге материалдық шығын келген.
Аталған дерек бірден Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды.
Дәл осындай арызбен полицияға тағы бірнеше тұрғын хабарласты. Оның бірі 80 мың теңге ақшасы мен 150 мың теңге болатын алтындарын белгісіз біреу қолды еткенін көрсеткен. Ал келесі тұрғын болса, үйіне жасырын кірмекші болған ұрыны байқап қалғанын, алайда ұрының қашып кеткенін жеткізген.
Тәртіп сақшылары жақын аумақтарды түгел қарап шықты. Көрген-білгендерден сұрастырды. Соның нәтижесінде көршілерінің қақпасында құлып тұрса да үйінде адам тығылып отырғанын түсіріп алған жасөспірімдердің видеосы назарға алынды.
Осы арқылы күдіктінің жеке басын анықталып, ұсталды. Ол Қызылорда облысының тұрғыны болып шықты.
Белгілі болғандай, ақша қажет болған жігіт пәтер ұрлығын жасаған. Яғни күндізгі уақытта есігі құлып тұрған үйлерге заңсыз кіріп, ақша мен алтындарды жымқырған. Осылайша оның 6 ұрлыққа қатысы бар екені анықталды, жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгені құрады.
Сезіктіден айғақ зат ретінде алтындардың бір бөлігі тәркіленіп алынды. Күдікті қазіргі таңда қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0