Президент ұлтты ұйыстыратын жеті қағиданы атады

© Sputnik / Болат Шайхиновархив
архив  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Халық коалициясының форумында мемлекет басшысы ұлтты ұйыстыратын жеті қағиданы атап өтті.

Президент атаған басты құндылықтар:

Бірінші. Тәуелсіздік бәрінен қымбат. Мен былтыр осы тұжырым туралы арнайы мақала жарияладым. Біз егемендігімізді сақтай алсақ қана, ұлт болып, ел болып тұра аламыз. Тәуелсіз мемлекет қана өзінің тілін, жерін, дінін, ділін сақтап қалады.
Екінші. Елдіктің негізі – жеріміздің тұтастығы. Бабаларымыз ұрпағына ұлан-ғайыр жерді мирас етті. Біз оның бір уыс топырағына дейін қастерлеп, атамекенімізді қорғай білуіміз керек.
Үшінші. Мемлекет мүддесі – қастерлі құндылық. Ауылдан Ақордаға дейінгі шешімнің бәрі осы тұрғыдан қабылдануы қажет. Бір сөзбен айтсақ, әр істе мемлекеттік ұстаным болуы керек. Мемлекет мүддесі дегеніміз – халықтың мүддесі. Сондықтан, барлық шешімдер, жобалар, заңдар мен жарғылар ел мүддесін қорғауға арналады.
Төртінші. Рухани үндестік – бірліктің бастауы. Төл тарихымыз, ана тіліміз бен ата дініміз – елді біріктіретін бірегей құндылықтар. Оны дау-дамайға айналдыруға болмайды. Жұртты адастырып, теріс жолға салудан сақтанған жөн.
Бесінші. Заңдылық пен тәртіп – өркениетті ел болудың кепілі. Заң талаптары барлық салада мүлтіксіз орындалуға тиіс. Заң алдында – бәрі тең. Заң алдында бәрі бірдей жауап береді.
Алтыншы. Жасампаздық – жаңару мен жаңғыру жолы. Біздің басты мақсатымыз – Отанымызды өркендету, мемлекетімізді дамыту екенін жеткізді. Өз сөзінде ол озық білім мен қажырлы еңбек қана елді табысқа жеткізетініні атап өтті. Бәсекеге қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Қазір ғылым экономиканы жедел алға жетелейтін алып индустрияға айналды.
Жетінші. Достық пейіл, мейірімділік және жанашырлық – ең асыл қасиеттер. Қазақта "Сыйлассаң – сыйлы боларсың" деген сөз бар. Ағайынның татулығы мен жанашырлығы – ел бірлігінің түп қазығы. Елдің тұтастығы қарапайым адамдардың өзара түсіністігінен басталады.
Жаңалықтар
0