ОПЕК+ мұнай өндіруді тәулігіне екі миллион баррельге төмендетуі мүмкін

© AP Photo / Tony GutierrezДобыча нефти
Добыча нефти - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2022
Жазылу
Күні кеше ОПЕК+ ұйымына қатысушы елдер мұнайдың тәуліктік өндірісін екі миллион баррель көлемінде төмендетуді білдіретін ортақ келісімге келгені белгілі болды, деп жазды РИА Новости.
Шешім әлі ресми рәсімделмеген, бірақ дереккөздің ақпараты бойынша, бұл өте маңызды, барлық картель мүшесі бұл ұсынысқа бірауыздан қолдап дауыс берді. Яғни, ресми мәлімдемені жариялаудың кешігуі оқиғалардың әрі қарай өрбуіне әсер етпейді.
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (басқаша айтқанда, халықаралық бейіндік картель) 1960 жылы қыркүйекте Бағдад конференциясының нәтижесінде құрылды. Бастапқыда келісімге тек бес мемлекет қол қойды, олардың арасында Парсы шығанағы мемлекеттерінен басқа Венесуэла да болды. Қазіргі уақытта ОПЕК құрамы айтарлықтай кеңейіп, мүшелері он үш елге жетті. Оған жоғарыда аталған республикадан басқа Алжир, Ангола, Габон, Ирак, Иран, Конго, Кувейт, Ливия, Біріккен Араб Әмірліктері, Нигерия, Сауд Арабиясы және Экваторлық Гвинея кіреді. Картель бүкіл әлеммен бірге әр кезең мен жанармай дағдарысын бастан өткерді. Мысалы, 1995 жылы Габон ОПЕК-тен шығып, 11 жылдан кейін ғана қайта оралды.
Уақыт өте келе планетаның жаңа аймақтарында мұнай қоры ашылып, басқа мемлекеттерде де барлау жұмыстарымен қатар өндіру өсті. Атап айтқанда, Ресей өндіріс көлемі бойынша әлемдік көшбасшылардың үштігіне енді.
1910 жылдың ортасына қарай ОПЕК-тің әлемдік нарыққа тиісті деңгейде ықпал ете алмайтыны анық болды. Ал картельге кірмейтін елдер қатаң бәсекелеске көшті. Сондықтан 2016 жылы ОПЕК+ форматы жүзеге асырылды, яғни жалпы бейіндік қызметке тағы он ел тартылды. Жаңа ұйымның бейресми сипатта екенін және оған Ресей, Қазақстан, Әзербайжан, Бахрейн, Бруней, Малайзия, Мексика, Оман, Судан және 2011 жылы ғана құрылған Оңтүстік Судан кірді.
ОПЕК+ құрылған кезде он жаңа ел әлемдік мұнай экспортының жартысынан көбін бақылауда ұстады. Ал жаңадан келген он мемлекетке тиесілі қара алтынның дәлелденген қоры жалпы планетадағы қордың 90процентінен асты.
Мұнай картелі кеңейтілген құрамда жиі және тұрақты бас қоса бермейді. Бірақ мұндай кездесулер әрқашан нарықтағы қиын кезеңдердің белгісі немесе үлкен өзгерістердің хабаршысы болып табылады. Әдетте, өндіріс көлемін ұлғайту немесе азайту туралы келісімдер ОПЕК+ отырыстарының негізгі және стандартты мәселесіне айналады. Ал бұл баға белгілеуге, қажет болған жағдайда бағаны арттыруға немесе төмендетуге тікелей әсер етуге бағытталған.
"Өндіру көлемі бойынша бүгінде әлемде бірінші орында тұрған АҚШ мұнайшылардың ресми әлемдік клубына кірмейді. Бірақ, әлемдік БАҚ-та Вашингтондағы беделді саясаткерлердің бірі жұмыс сапарымен Эр-Риядқа барғаны туралы жаңалық жиі жарық көреді. Сондықтан, қанша жеке бағытты ұстануға тырысқанымен, АҚШ картельмен есептесуге мәжбүр", - деп жазды автор.
Сарапшылардың пікірінше, қазіргі таңда өндірудің тәулігіне екі миллион баррельге азаюы мұнай бағасының өсуіне әкеледі. Бір баррельдің фьючерс бағасы сенімді түрде жүз доллардан асады деп күтілуде. Ал бұл Джо Байден мен оның командасы үшін өте тиімсіз. Өйткені, бір айдан кейін АҚШ-та аралық сайлау өтеді.
"Дегенмен, демократиялық партия жаздағы қиын жағдайды түзей алғанын айта кету керек. Ақ үй бензин мен дизель отыны бағасын біршама төмендетіп, тұрақтандырды. Бұл қаржы министрлігі стратегиялық қорды соңғы 40 жылдағы тарихи минимумға жеткізу арқылы пайдаланудың арқасында орындалды", - деп жазды мақала авторы.
Бірақ, әлемдік бағаның өсуі Американың ішкі нарығына әсер етпеуі мүмкін емес. Бұл жанармай құнының өсуіне әкеледі де, ол өз кезегінде тауардың барлық түрі – наннан бастап электр энергиясына дейінгі бағаны арттырады.
Бір ай бұрын ресейлік мұнайға қарсы бірнеше санкция енгізілген шақта Джо Байден Сауд Арабиясына ресми сапармен барды. Бұл сапардың мақсаты Эр-Риядты мұнай өндіру көлемін ұлғайтуға көндіру болғаны айтпаса да белгілі болатын. Бірақ, арабтар өндіруді арттырудан бас тартты.
Арада бірнеше апта өткеннен кейін Екінші Елизаветаны жерлеу рәсімі өтіп жатқан кезде Ұлыбритания Сауд Арабия ханзадасы Мұхаммед бин Салманға ағылшын еліне келуін мемлекет билігі құптамайтынын жеткізді. Әлемдік БАҚ осылайша Вашингтон Сауд Арабиясы мен Ресейдің тығыз байланыс орнатуына өзі итермелеп отырғанын жазды.
Қалай болғанда да, Вашингтонның көздегені орындалмады. Мұнай өндіру белгісіз мерзімге төмендетіліп, бұл АҚШ-тағы тұрақты баға өсіміне әкеліп қана қоймай, Ресейдің қаржылық дағдарысты айналып өтуіне ықпал етеді.
Жаңалықтар
0