Елдос Сметов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

© AFP 2024 / FRANCK FIFEЕлдос Сметов
Елдос Сметов - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Ташкент қаласында дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Елдос Сметов қола жүлдегер атанды.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш раундында Елдос Сметов испандық Франциско Гарригостан мықтырақ болды.
"Қола" үшін Елдос Сметов Өзбекстаннан келген Дильшодбек Баратовпен татамиге шықты.
Тартысты белдесуде қосымша уақытта әдіс қолданып, вазари ұпайын алған Елдос жеңіске жетті.
Жарыстың алғашқы күні Елдос Сметов Қазақстан қоржынына екінші медальді салды.
Жаңалықтар
0