Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

© Photo : instagram/armandzhumageldievКриминальный авторитет Арман Джумагельдиев (Дикий Арман)
Криминальный авторитет Арман Джумагельдиев (Дикий Арман) - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. "Дикий Арман" лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 7 желтоқсанға дейін ұзартылды, деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.

"6 қазанда Алматы ауданаралық соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 желтоқсанға дейін ұзартты",- делінген хабарламада.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 11 қаңтарда Алматыда арнайы операция барысында Арман Жұмагелдиев ұсталып, сот шешімімен 2 айға қамауға алынды. Оның алдында 7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында "Дикий Арман" бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталғаны белгілі болды.
Содан бері Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылды.
 Қайрат Құдайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2022
Қоғам
Қайрат Құдайберген адамдарды "Дикий Арманның" төңірегіне топтасуға шақырған – прокуратура
Жаңалықтар
0