https://sputnik.kz/20221006/almaty-oblysynyn-turgyny-kelinin-ayausyz-sabap-mugedek-qyldy-28223716.html
Алматы облысының тұрғыны келінін аяусыз сабап, мүгедек қылды
Алматы облысының тұрғыны келінін аяусыз сабап, мүгедек қылды
Sputnik Қазақстан
Қайынағасы келінін зорламақ болған, қарсылыққа тап болған соң ұрған, дейді қорғаушы Айман Омарова 06.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-06T08:16+0500
2022-10-06T08:16+0500
2022-10-06T08:16+0500
зорлық-зомбылық
https://sputnik.kz/img/07e4/09/11/14982355_0:19:1198:693_1920x0_80_0_0_a11fa31015eda9c29f7c74e6a91fad86.jpg
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданында қайынағасы келінін аяусыз сабаған. 6 баланың анасы осы оқиғадан соң мүгедек болып қалған, деп хабарлады "Астана" арнасы.Жаға ұстатарлық жағдай Жармұханбет ауылында болған. Жәбірленуші тараптың айтуынша қайынағасы ұлымен бірге келіншекті тепкінің астына алған. Ең сорақысы, осы сәтте үйде басқа да адамдар болған. Бірақ ешқайсысы көмек қолын созбаған көрінеді. Ауыр жарақат алған келіншекке медициналық көмек те жасалмаған. Қарындасынан хабар ала алмаған ағасы былықтың бетін ашқан."Кешкісін үйіне бардық. Сөйтсек, қарындасымды ауыр соққының, тепкінің астына алған екен. Зорлық-зомбылықтың кесірінен екі күн үйде жатып қалған. Жедел жәрдем шақырылмаған. Іш құрылысына зақым келген. Қайын ағасы мен ұлы жауапқа тартылсын", - дейді жәбірленушінің ағасы Мирлан Сырғабаев.Ауыр соққыға жығылған әйелге ота жасалып, көк бауыры алынып тасталды. Мүгедек болып қалған. Адвокаты келіншектің қайынағасы бостандықта жүргенін түсене алар емес. Сот санкциясымен 1999 жылғы ұлы қамауға алынған.Бұл оқиға ауыл халқының жағасын ұстатты. Олар мұндай жағдай елді мекенде бірінші рет болып отырғанын айтады. Қазіргі таңда көпбалалы ана өз туыстарының үйінде. "Оның мектепке баратын 4 баласы әкесінің қолында, бірақ жақын арада анасына тапсырылады",- дейді жергілікті билік."Жармұханбет ауылындағы жағдай бақылауға алынып, мектеп директоры барып, қарап тұрады. Осы айдың аяғына дейін балалар анасының қолына барады. Ол кісі әлеуметтік көмекке тапсырған екен, күйеуі жұмыс істемегендіктен, оған отказ келді", - дейді Елтай ауылдық округі әкімінің орынбасары Біржан Белғожаев.Полиция бұл іске қатысты мардымды жауап бермеді. "Тергеу жүріп жатыр" деп қысқа қайырды."Аталған факт ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданынның полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - дейді Қарасай аудандық полиция басқармасы басшысының орынбасары Айдар Әбдірахманұлы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/11/14982355_95:0:1162:800_1920x0_80_0_0_363f4b17a1f046da183182477a880319.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зорлық-зомбылық
Алматы облысының тұрғыны келінін аяусыз сабап, мүгедек қылды
Қайынағасы келінін зорламақ болған, қарсылыққа тап болған соң ұрған, дейді қорғаушы Айман Омарова
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданында қайынағасы келінін аяусыз сабаған. 6 баланың анасы осы оқиғадан соң мүгедек болып қалған, деп хабарлады "
Астана" арнасы.
Жаға ұстатарлық жағдай Жармұханбет ауылында болған. Жәбірленуші тараптың айтуынша қайынағасы ұлымен бірге келіншекті тепкінің астына алған. Ең сорақысы, осы сәтте үйде басқа да адамдар болған. Бірақ ешқайсысы көмек қолын созбаған көрінеді. Ауыр жарақат алған келіншекке медициналық көмек те жасалмаған. Қарындасынан хабар ала алмаған ағасы былықтың бетін ашқан.
"Кешкісін үйіне бардық. Сөйтсек, қарындасымды ауыр соққының, тепкінің астына алған екен. Зорлық-зомбылықтың кесірінен екі күн үйде жатып қалған. Жедел жәрдем шақырылмаған. Іш құрылысына зақым келген. Қайын ағасы мен ұлы жауапқа тартылсын", - дейді жәбірленушінің ағасы Мирлан Сырғабаев.
Ауыр соққыға жығылған әйелге ота жасалып, көк бауыры алынып тасталды. Мүгедек болып қалған. Адвокаты келіншектің қайынағасы бостандықта жүргенін түсене алар емес. Сот санкциясымен 1999 жылғы ұлы қамауға алынған.
"Бірақ оның әкесін Тельтаев Алмасты қамауға алмайды. Негізінде бұл жерде 120-шы баптың бірінші бөлігімен тіркеу керек еді. Екіншіден, ұрғаны бар, соққаны бар. Үшіншіден, куәгерлердің бәрі ауыр қылмысты көріп тұрып, ешқайда хабарламаған. Қайынағасы келінін зорламақ болған. Қарсылыққа тап болған соң ұрған", - дейді қорғаушы Айман Омарова.
Бұл оқиға ауыл халқының жағасын ұстатты. Олар мұндай жағдай елді мекенде бірінші рет болып отырғанын айтады. Қазіргі таңда көпбалалы ана өз туыстарының үйінде. "Оның мектепке баратын 4 баласы әкесінің қолында, бірақ жақын арада анасына тапсырылады",- дейді жергілікті билік.
"Жармұханбет ауылындағы жағдай бақылауға алынып, мектеп директоры барып, қарап тұрады. Осы айдың аяғына дейін балалар анасының қолына барады. Ол кісі әлеуметтік көмекке тапсырған екен, күйеуі жұмыс істемегендіктен, оған отказ келді", - дейді Елтай ауылдық округі әкімінің орынбасары Біржан Белғожаев.
Полиция бұл іске қатысты мардымды жауап бермеді. "Тергеу жүріп жатыр" деп қысқа қайырды.
"Аталған факт ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданынның полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - дейді Қарасай аудандық полиция басқармасы басшысының орынбасары Айдар Әбдірахманұлы.