UMAI ұлттық сыйлығының жеңімпаздары 54 миллион теңге алады

© Sputnik / Владислав Воднев "Астана Опера" театрының ғимараты
  Астана Опера театрының ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2022
Жазылу
Сыйлық шығармашылық ұжымдарға және жекелеген өнер қайраткерлеріне 2022 жылдың шілдесіне дейін жасалған туындылар үшін беріледі
АСТАНА,5 қазан – Sputnik. UMAI ұлттық сыйлығына қатысуға өтінім қабылданып жатыр. Жеңімпаздар 23 желтоқсанда белгілі болады, деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Вице-министр Нұрғиса Дәуешов конкурсқа қатысу шарттары мен жүлде қоры туралы айтып берді.
"Қатысушылардың өтінімі осы жылдың 9 желтоқсанына дейін қабылданады. Номинанттардың жұмысын құрамына Қазақстанның белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері кіретін сараптама комиссиясының мүшелері бағалайды", – деді Нұрғиса Дәуешов.
Оның айтуынша, UMAI ұлттық сыйлығына 54 миллион теңге жүлде тігіліп отыр.
Айта кетері, сыйлық шығармашылық ұжымдарға және жекелеген өнер қайраткерлеріне 2020 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың шілдесіне дейін екі театр/концерт/өнер маусымында жасалған спектакльдер, концерттер, шығармашылық жобалар, өнер туындылары үшін беріледі.
Жоба "Театр өнері", "Хореографиялық өнер", "Музыкалық-орындаушылық өнер", "Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер" сияқты 4 номинация бойынша 19 сыйлықты қамтиды. Сонымен қатар балалар жылына орай "Үздік балалар спектаклі үшін" арнайы жүлде жарияланды.
Жаңалықтар
0