сайлау - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Президент сайлауы - 2022
Қазақстанда 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Тоқаев президент сайлауына қай платформаның атынан қатысады

© Sputnik / Владислав ВодневКазахстанцы голосуют на выборах
Казахстанцы голосуют на выборах - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауына қоғамдық-саяси күштердің үлкен коалициясының атынан қатысатынын мәлімдеді.
"Ашығын айтайын, маған әртүрлі республикалық бірлестіктер мен партиялардан олардың атынан үміткер болу туралы ұсыныстар түсіп жатыр. Әсіресе, жастар және басқа да қоғамдық ұйымдардың бастама көтеріп жатқанына қуандым. Осының барлығы азаматтардың кейінгі үш жарым жылда жүзеге асырылып келген реформалар мен өзгерістерге қолдаудың айтарлықтай артқанын көрсетеді", - деді Тоқаев.
Президент стратегиялық бағытына белсенді қолдау көрсеткендердің барлығына алғыс айтты.
"Мен белгілі бір ұйымнан емес, елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың әлеуметтік негізін қалыптастыратын қоғамдық-саяси күштердің үлкен коалициясының атынан сайлауға қатысқаным дұрыс болады деп ойлаймын. Сондай-ақ бұл мемлекет басшысының түрлі партиялардан, бірлестіктерден тең арақашықтық сақтау қағидатын нығайтуға мүмкіндік береді", - деді ол.
Тоқаев сайлау науқанын заңдарды қатаң сақтай отыра өткізуді қамтамасыз ету маңызды екенін айтты.
"Мен мемлекет басшысы ретінде президент сайлауының әділ әрі ашық өтетініне кепілдік беремін", - деді Тоқаев.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.
Жаңалықтар
0