Қазақстанда олигархтық капитализмнің заманы өтті – президент

© PhotoКасым-Жомарт Токаев прибыл в Карагандинскую область
Касым-Жомарт Токаев прибыл в Карагандинскую область - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 5 қазанSputnik. Қазақстанда жұмыс істейтін барлық колмпаниялардың өндірісі мен экологияны қорғауы, жалпы қызметі мемлекет тарапынан қатаң бақылауда болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Капиталды шетелге заңсыз шығаруға жол берілмейді. Олардың түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруы қадағаланады.
"Өндірісті жаңғырту үдерісіне, экологияны қорғау ісіне ерекше назар аударылады. Салық төлемақысы ерекше бақылауда. Егер ірі өнеркәсіп кәсіпорындары бұл талаптарға сай келмесе, біз серіктестікті тоқтатуға мәжбүр боламыз. Бұл – ешқандай қорқыту емес, керісінше бүкіл өркениетті әлемде қабылданған қарапайым, адал және әділ жұмыс ережелері", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, Қазақстанда олигархтық капитализмнің заманы өтіп, ел азаматтарының алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін кезең жетті. Қазақстанға тиімді әрі әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін, ел экономикасында жетекші орындағы бизнес керек.
Жаңалықтар
0