https://sputnik.kz/20221005/qaragandy-meditsinalyq-universitetinin-zhanynan-aurukhana-salynady-28192676.html
Қарағанды медициналық университетінің жанынан аурухана салынады
Қарағанды медициналық университетінің жанынан аурухана салынады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 5 қазан-Sputnik. Қарағанды медициналық университетінің жанынан аурухана салынады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысы жұртшылығымен кездесу... 05.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-05T11:01+0500
2022-10-05T11:01+0500
2022-10-05T11:01+0500
қарағанды облысы
аурухана
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861248_0:0:3041:1711_1920x0_80_0_0_62792c4c77ef6743e142b0b89029c740.jpg
АЛМАТЫ, 5 қазан-Sputnik. Қарағанды медициналық университетінің жанынан аурухана салынады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысы жұртшылығымен кездесу кезінде айтты.Президенттің айтуынша, университет клиникасының құрылысы келесі жылы басталуы керек. Оны заманауи құралдармен жабдықтау қажет. Сондай-ақ Президент тапсырмасымен ел көлемінде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қолға алынды. Алдағы 3 жылда Қарағанды облысында 28 мыңнан астам балаға арналған жаңа мектептер салынатын болады. Келесі жылы құрылыс басталады. Қасым-Жомарт Тоқаев жер телімін бөлу және оны коммуналдық желілерге қосу мәселесін қазірден бастап шешуді тапсырды.
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861248_235:0:2966:2048_1920x0_80_0_0_db88290f5e98a839d0ca222bd431714a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, аурухана
қарағанды облысы, аурухана
Қарағанды медициналық университетінің жанынан аурухана салынады
АЛМАТЫ, 5 қазан-Sputnik. Қарағанды медициналық университетінің жанынан аурухана салынады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысы жұртшылығымен кездесу кезінде айтты.
"Медициналық білім беру жүйесін дамыту – басты міндеттің бірі. Қарағанды медицина университеті бүкіл еліміз үшін білікті мамандар даярлайды. Бұл оқу орнын дәрігерлер ұстаханасы деуге болады. Құзырлы министрлік университеттер жанынан 5 аурухана салу туралы жоба ұсынды. Соның бірі Қарағандыда салынады",- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, университет клиникасының құрылысы келесі жылы басталуы керек. Оны заманауи құралдармен жабдықтау қажет.
Сондай-ақ Президент тапсырмасымен ел көлемінде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қолға алынды. Алдағы 3 жылда Қарағанды облысында 28 мыңнан астам балаға арналған жаңа мектептер салынатын болады. Келесі жылы құрылыс басталады.
Қасым-Жомарт Тоқаев жер телімін бөлу және оны коммуналдық желілерге қосу мәселесін қазірден бастап шешуді тапсырды.