Полиция Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық істі тоқтатты

© Sputnik / Владислав ВодневТорегали Тореали
Торегали Тореали - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Полиция әнші Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық істі тоқтатты.
Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын әнші Төреғали Төреәлі Көлсай көлдерінде гидтің қабағын жарып жіберген болатын. Бұл жағдай қоғамда резонанс тудырғаннан кейін Төреғали тергеу абақтысына қамалды, кейін 10 миллион теңге кепілдікпен босатылды.
Полиция тараптардың татуласуына байланысты істі тоқтатты. Әнші айыбын қалай жуып-шайғаны белгісіз.
"Бұған дейін Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі бойынша азамат Төреғали Т.-ға қатысты тіркелген қылмыстық іс бойынша тараптар татуласқанын хабарлаймыз. Нәтижесінде қылмыстық іс бойынша тергеу тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылады", - деп түсіндірді полиция.
Жаңалықтар
0